#Шу: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер»

#Шу: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жат ниетті ағым, қарапайым халықты сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту мақсатында қаншама айлы-шарғыларын жасап әлек. Хақиқи Исламның атын жамылған ағымдар ашық та, жасырын да ел ішінде теріс бағытта қызмет жасауда. Әсіресе, қазақтың дүниетанымына сай келетін Әбу Ханифа мәзһабын мойындамай, жоққа шығарғысы келетіндердің әрекеті байқалады. Ал, сондай жатпиғылды ағымдардың шырмауына түскен бауырларымыз хақ дін мен ағымның арасын ажырата алмай дал.

Жат ағым өкілдері қарапайым халықты қалай өзі ұстанған сенім жолына алдап-арбайды? Оның басты деген амал-тәсілдері қандай? Осы тұрғысында мектеп оқушыларымен кездесу жасалды. 

"Дінді қате түсіну неге ұрындырады?" тақырыбында өткен шараны  "Тоғай" мешітінің имамы Жанат Сагитов жүргізді. Оқушылар мен ұстаздарының сауалдарына жауап беріп, түсіндіріп өтті. 

Шу аудандық "Жәми" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: