Аллаға сиынуға мұқтажбыз

Аллаға сиынуға мұқтажбыз

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағалаға жалбарына сиыну керек, Ол бізді өзіміздің нас нәпсіміз бен Шайтаннан қорғап, Әзәзілдің азғыруының құрбаны болудан қорғайтын Аллаға деген сондай сенім мен оған деген нанымды беруін сұрау. Қандай қиын болмаса да, біз өзімізді барлық күнәдан тыйя алатындай сенім болсын, өз жүректеріміздегі иман тәттілігіне жетуге бағытталған айтарлықтай және шынайы күш салуға тырысайық. Сондай иманға қол жеткізгенде, өз жанымызда оның тәттілігін сезетін боламыз, күллі әлем түкке тұрғысыз болып қалады, ол туралы Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Егер бұл дүниенің құндылығы Алланың қасында тым болмаса масаның қанатына тең келер болса, Ол мүшріктерге тіпті бір татым су да бермес еді».

Біз бұл дүниеден бас тартпақ емеспіз. «Мен енді өз көлігіме мінбеймін», «Өз үйімнің жайлылығына енді рахаттанбаймын», «Жақсы төсекке енді жатпаймын», «Жақсы киім туралы ұмытамын»… Біз осылай деп айтқалы отырған жоқпыз. Жоқ. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Шындығында, бұл дүние сендер үшін жаралған, ал сендер о дүние үшін жаралғансыңдар».

Сол себеп

шірігіне өз жүректерімізді бермейміз. Біздің жүректеріміз – тек осы игіліктерді Сыйлаушы - Алла Тағала үшін. Мүфти Мұхаммед Шафи, оған Алланың рақымы болсын, былай айтқан:

«Бұл материалдық дүниені қолда, тіпті қалтада да ұстауға рұқсат етіледі, бірақ тек жүректе емес. Жүрек – Алланың үйі».

Алла Тағала біздің бәрімізді Оның заңдары мен Пайғамбарымыздың (ﷺ) тамаша ілімін ұстануға нәсіп етсін! Бәрімізді Алла Тағала нәпсіміз бен Ібілістің азғыруынан сақтасын!

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: