Шайтанның әрекеттері

Шайтанның әрекеттері

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шайтан әртүрлі тәсілдермен әрекет етеді. Пайғамбарымыз (ﷺ) дәрет алғанда дене мүшелерін үш реттен артық жууға тыйым салынғанын айтқан. Қол жуғыштың қасында тұрып алып, он реттен жуынатындар мынаны түсінуі керек, тіпті егер сіздер теңіздің жағасында болсаңыз да, дәрет алу кезінде үш реттен артық жуыну - мәкруһ болып табылады. Пайғамбарымыздың (ﷺ) осы ескертуінде біз сияқтыларға деген үлкен данышпандық пен қайырымдылық бар. Егер осы сөздер болмаса, шайтан бізге дәрет алу толық орындалмады деп сыбырлап, ал біз намаз уақыты өтіп кеткенше жуынып тұра бере едік. Имам Әбу Дәуд, оған Алланың рақымы болсын, бір күні Абдулла бин Мугаффал (р.а.) өз ұлының Аллаға былай жалбарынып жатқанын естігенін айтқан: – Иә, Алла, Жұмаққа кіргенде оның оң жағында болатын ақ сарайды Сенен сұраймын! Әкесі ұлына Алла Тағаладан тек Жұмақты сұрап, Тозақтан сақтауын өтін деп, Пайғамбарымыздың (ﷺ) мынандай келесі сөздерін естігенін айтып береді:

«Менің үмбетімде тазару мен жалбарынуда шектен тыс кететін адамдар болады».

Тазарудағы шектен тыс кетудің төркінінде дәрет алу мен ғұсыл құйынудағы дене мүшелердің Сүннетте көрсетілгендей үш реттен артық жуылуы, сондай-ақ, көп мөлшердегі суды пайдалану мен сыбырлаулар мен күмәндардың ықпалымен артық жуыну. Ал жалбарынудағы шектен тыс кету – бұл Алла Тағаладан тыйым салынған өтініштерді сұрау немесе жалбарынудың орындалу тәсілі тиісті әдепке қайшы келетіндер.

Кейде шайтанның айла-әрекеттері адамның әжетханада ұзақ отыруына әкеліп соғады, ас дәреті лайықты түрде болмады деп санап, ол қайта-қайта жуына беретін болады. Ал кейде күмәндар тікелей намаз басталардың алдында пайда болады, шайтан былай сыбырлайды: – Сен ниет еткен жоқсың. Нәтижесінде имам рүкүғ жасап жатқанда, ал адам болса әлі «ниет етіп» тұрады. Сондай-ақ, киімдерін

он реттен жуатын адамдар да бар, сонда да олар киімдерін кір деп ойлады. Мұндай күмәндар жас ерлі-зайыптылар жұбын да мазалайды, нәтижесінде олар міндетті ғұсыл құйынуды орындамай, сол себепті ұдайы лас күйлерінде қала береді. Сүннетте көрсетілгендей бәрін жуыңыз да, күмәндарға ешбір көңіл бөлмеңіз.

Бір күні сахабалар (р.а.) орманнан өтіп келе жатады. Олардың жолында тоған кезігеді. Олардың біреуі суға жануарлар келіп, оны өздерінің нәжістерімен былғауы мүмкін деп айтады. Сонда Омар (р.а.): – Біреулерің жануарларды көрдіңдер ме? – деп сұрайды. – Жоқ, – деген жауап болады. – Онда дәрет ала беріңдер, – дейді ол.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: шайтанның сыбырлап айтатын күдіктеріне көңіл бөле бермеңдер.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: