Саудияның еркектеріне 4 елден қыз алуға шек қойылды

Саудияның еркектеріне 4 елден қыз алуға шек қойылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы билігі еркектерге төрт елдің азаматшаларымен некелесуге тыйым салды. Саудиялық азаматтар енді Чад, Пәкістан, Мьянма мен Бангладеш азаматшаларына үйлене алмайды.

Мұндай тыйымның себебін Мекке қалалық полициясының басшысы, генерал Исама аль-Караши аталған төрт ел азаматшаларының саны бүгінде Саудияда жарты миллионнан асып кеткендігімен байланыстырады.

Сондай-ақ, жаңа ереже аясында үйленгісі келген күйеу жігіт кем дегенде 25 жаста болу керек. Ал, егер оның бірінші әйелі болса, онда ол екінші әйел алуына жөні түзу себеп болуы қажет: егер бірінші әйелі обыр не Паркинсон ауруына шалдыққан болса, бедеу болса ғана екінші рет үйлене алады. Ал, ажырасқан жағдайда ер адам неке бұзылғаннан кейін жарты жылдан соң ғана қайта үйлене алады.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: