Екпесіз қажылыққа баруға болмайды

Екпесіз қажылыққа баруға болмайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Араб түбегінде асқынып тұрған түйе тымауына қарсы екпе егілмеген қазақстандықтар қажылыққа бара алмайды. Қауіпсіздік шарасы мақсатында қолға алынған бұл шектеу аясында екпе егілмегендерге виза берілмейді.

Еліміздің бас санитар-дәрігері Жандарбек Бекшин қажылық парызын өтегісі келгендерге Сауд Арабиясына сапарларын кешіктіре тұруға кеңес беруде. Аталмыш вирус кесірінен соңғы екі ай ішінде 115 адам қайтыс болған.

Бұл айтылғандрға қарамастан, қажылыққа барғысы келетіндер үшін Алматы қаласында қарсы екпе егу жұмыстары басталды. Осыған орай, Қазақстандағы туристтік компаниялар мен қажылық ұйымдары құжаттарды рәсімдеу барысында екпе алғандығы жайлы анықтаманың болуын міндеттеп отыр.

Қажылық маусым кезінде Мекке шаһары меймандарының саны 2 миллионнан асып жығылады.

muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: