Шөлден құтқарған құдірет

Шөлден құтқарған құдірет

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сахаба Әбу Умама (р.а.) келтірген: «Алла Елшісі (ﷺ) Исламның негіздерін үйрету мақсатында мені өз тайпама жіберді. Мен барғанда олар түйелерін суарып, сүттерін ішіп отыр екен.

Мені көрген кезде: «Амансың ба, Судай ибн Ажлан! Естуімізше, сен де дініңнен шығып, әлгі кісінің жағына өтіпсің?» – деді жақтырмай. «Жоқ, мен тек Алла мен Пайғамбарымызға (ﷺ) ғана иман еттім. Алла Елшісі (ﷺ) мені сендерге Исламды және оның үкімдерін түсіндіруге жіберді», – дедім. Сол кезде қан толы табақтарын ортаға қойып шетінен жей бастады. Маған «Сен де кел, Судай» деді. Мен: «Мен мұны харам еткен кісіден келіп отырмын, тек Алланың атымен сойғандарың ғана адал», – дедім. Олар бір-бірінен: «Мынау өзі не деп отыр?» – деді түкке түсінбей. Мен былай дедім: «Ол кісіге бұл жайлы мына аят түскен: «Сендерге мыналар харам етілді: өлексе мал, қан, шошқаның еті, Алладан басқаның атымен сойылған, (жаны шықпай тұрып үлгеріп, шартына сай түрде сойылғандардан басқа), буынып өлген, соғылып өлген, биіктен құлап өлген, сүзілген немесе жыртқыш паршалаған малдардың еті, пұттарға арнап сойылған малдардың еті және құмар ойнау арқылы тапқан еттер» (5:3). Оларды бір Жаратушыға иман келтіруге шақыра бастадым, бірақ олар қашқақтап, бас тартумен болды.

«Бір жұтым су беріңдер, шөлден кенезем кеуіп барады», – деп су сұрағанымда, шімірікпестен: «Саған су бермейміз, қаталап өл», – десті. Сәлдем бар еді, аптап ыстықтан қорғанып, сонымен басымды шымқап алдым да құмға жантайдым. Сол күйі мызғып кетіппін. Түсімде біреу бір шыныаяқпен су ұсынды. Дәмі өзгеше екен, басыма бір-ақ көтердім. Артынша оянып кеттім. Содан бастап ешқашан шөлдеген емеспін».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: