Алланы сүю

Алланы сүю

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертеректе сараңдығы асқынған, екіжүзді бір адам болыпты. Сараңдығы сонша – өмірі ешкімге ештеңе бермеу турасында әйелінен уәде алып, егер бере қалса, ажырасатындығын ескертіпті. Бір күні әйелі «Құдай үшін садақа берші?» – деп жалынып келген қайыршыны көргенде, жаны ашып, үш тілім нан ұстатыпты. Қайыршы қайтар жолда әлгі әйелдің күйеуімен кездесіп қалыпты.

Сараң қайыршы нанды өз үйінен алғанын білгенде, қатты ашуланып әйеліне келіп: «Сен маған ешкімге ештеңе бермеу үшін уәде бермеп пе ең?!» – деп ұрсыпты. Әйелі: «Құдай үшін» дегендіктен бердім», – дейді. Күйеуі мұны естігенде, дереу тандырға от жағып, әбден қызды-ау дегенде, әйеліне: «Ендеше, сол Құдайың үшін қазір тандырға түсесің, сені өртеп жіберем!» – деп кіжінеді. Әйелі әдемі киімдерін киініп, сырға, моншақтарын тағына бастапты. Күйеуі: «Әшекей бұйымдарыңды тастап кет!» – деп айғайлады. Әйелі: «Әркім сүйіктісіне әдемі болып барғысы келеді. Мен де өз Сүйіктіммен жолығуға кетіп бара жатырмын», – дейді де, сол қалпы тандырға өзін тастап жібереді.

Күйеуі болса, дереу қақпағын жауып тастайды. Арада үш күн өткеннен кейін екіжүзді кісі тандырдың қақпағын ашып қарағанда, әйелінің сап-сау, тірі отырғанын көріп өз көзіне өзі сенбей тұрып қалады. Сол сәт оның құлағына «Сүйікті құлдарымызды отқа жақпайтынымызды білмеуші ме ең?» – деген ғайыптан бір дауыс естілген екен.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: