Мынау не, балам?

Мынау не, балам?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сексеннің сеңгіріне аяқ басқан қария әкей жағдайын сұрай келген 45 жасар баласымен бөлмеде әңгімелесіп отырады. Қал-жағдай, бала-шағаның амандығы мен жұмыс барысын сұрасып ұзақ әңгімелескеннен кейін, баласы кетуге ыңғай білдіреді. Сол кезде олар отырған бөлменің терезесінің алдына бір қарға қонады. Қария қарғаға күлімсіреп біраз уақыт қарағаннан кейін баласынан сұрайды: - Мынау не, балам? - Қарға ғой, әке, – деп, мұндай сұрақ қойғанына таңырқап қалады. Қария қарғаға тағы да қарап тұрып, сұрағын қайталап: - Мынау не, балам? - Әке, қарға ғой, - деп әкесінің біліп тұрып қойған сұрағына түсінбей қалады. Қарға жан-жағына жалтақтап қарай берді. Сол кезде тағы бір рет: - Мынау не? – деп үшінші мәрте сұрағын қайталайды. Шыдамы таусылған бала сабырсыздық танытып: - Әке, ол қарға ғой, осымен үшінші рет сұрадыңыз. Мені естімей тұрсыз ба? Қария төртінші рет сұрағанда сабыры таусылып, дауыс көтереді: - Әке, не болды сізге, бір сұрақты қайта-қайта қайталап? Мен сізге жауап бердім ғой. Әлі де сұрап тұрсыз. Менің сабырымды сынамақ болдыңыз ба?

Әкесі кішкене езу тартты да, орнынан тұрып, ішкі бөлмеге кіріп қолына бір дәптер ұстап шықты. Ол күнделік дәптері болатын. Орнына жайғасып, дәптердің беттерін парақтап, іздеген бетін тапты. Сөйтіп күлімдеп тұрып, баласына әлгі бетті оқы деп ұсынды. «Бүгін 3 жасар ұлыммен бөлмеде отырғанымда терезенің алдына қарға қонды. Ұлым 23 рет оның не екенін сұрады. 23 мәрте қойған сұрағына да оны құшақтап тұрып, оның қарға екендігін айтудан жалықпадым. Керісінше, оның былдырлап қойған сұрақтары менің оған деген сүйіспеншілігімді арттыра түсті».

«Раббың, өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түћ» деме (Кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле» (Исра сүресі, 23 аят).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: