Намазы жоққа берілетін 15 түрлі жаза (жалғасы)

Намазы жоққа берілетін 15 түрлі жаза (жалғасы)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадисінде: «Кімде-кім намазға жалқаулық етіп, немқұрайлы қараса, ол адамға Алла тағала 15 түрлі жаза береді. Олардың алтауы осы дүниеде. үшеуі өлер кезде, қабірде үшеуі, үшеуі қабірден шыққан соң», - делінген. Солардың ішінде, осы дүниеде алатын 6 жаза:

1. Ол кісінің дүниесінде, өмірінде береке болмас.

2. Алла Тағала ол кісінің жүзінен нұрын кетірер.

3. Істеген істеріне сауап жазылмас.

4. Алла Тағала ол кісінің дұғасын көкке көтермейді.

5. Осы дүниеде адамдар арасында абыройсыз болар.

6. Ол кісі үшін біреудің еткен дұғасы қабыл болмас.

Жан тапсырар кездегі 3 жаза:

1. Жан тапсырар кезде қатты қиналар.

2. Барша дүниенің тамағын берсең де аш болып өлер.

3. Дүниедегі бар теңіздің суын берсең де, сусап, шөлдеп өлер.

Қабірде көретін 3 түрлі жаза:

1. Қабірі тар болар.

2. Қабірінің іші от болар.

3. Қабірде «шужағу-л ақрағ» деген жылан шағып азаптар.

Оның көзі оттан, тырнағы темірден, тырнағының ұзындығы бір күндік жолдай, даусы күркілдеген күндей қатты болар. Ол айтар: «Алла Тағала сені таң намазын оқымағаның үшін бесін намазына дейін, бесін намазын оқымағаның үшін екінті намазына дейін, екінті намазын оқымағаның үшін шам намазына дейін, шам намазын оқымағаның үшін құптан намазына дейін тұрып азаптауды бұйырды». Азаптаушы жылан әрбір ұрғанында күнәһар адам алпыс қарыс жердің астына дейін кіріп кетер. Жылан тырнағын қайта суытып алып, қайта ұрар. Осылайша Қиямет күніне дейін намаз оқымаған адамды азапқа салар.

Қиямет күні көретін үш түрлі азабы:

1. Ол кісінің жүзін қатты отқа күйдірер.

2. Есеп-қисап берер кезде Алла Тағала ашулы көзбен қарар.

3. Алла Тағала ол кісіге қатты есеп қылып, Тозақ отына тастауға әмір етер. Ендеше, адамның бұл өмірдегі міндеті тек қана ішіп-жеу емес, Алла Тағалаға құлшылық жасау екенін ешкім де ұмытпауы тиіс. Ұлы Абай атамыз атқандай: «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй Ол Алланы жаннан тәтті». Исламның бес шартының алғашқысы иман болса, екіншісі намаз, яғни, дініміздегі алғаш парыз болған құлшылық - намаз. Намаз мағынасы мен мәні терең құлшылық. Оның ішінде Алланы мадақтау, ұлықтау, оған шүкіршілік білдіру, тәубеге келу әрі кешірім сұрап, жәрдем тілеу.

Ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың «Аллаға сыйыну» деген өлең жолдарынан ұлық сөздерді байқаймыз: Сатқан емен, Сатпаймын дінімді мен. Өлмейтұғын, өшпейтін күнім білем. Алла есімі-жүрегім жұдырықтай, Жүрегімнің соққанын біліп жүрем…

Алла - ақиқат, Аллаға сеніп өтем. Адалдық пен ақиқат серігі екен. Адаспаймын, Аллама сеніп өтем, Арамдыққа баспаймын - жолы бөтен.

Ендеше, Ұлы Алла Тағаланың бізге сыйлаған ғұмырын бос ойын, арзан күлкі, жағымсыз әдеттерге емес, осы дүниеде де, ақыретте де пайдасы тиетін ғибадатқа, ілім – білімге, ғылым үйренуге арнайық. Себебі, білімсіз мұсылман Алла Тағаланың шынайы діні – Исламның мән-мағынасын, қасиетін толыққанды түсіне алмайды. Ондай жанды қараңғыда жалғыз аяқ жолмен келе жатқан адамға ұқсатуға болар. Ал ондай жанның адасуы да оңай. Олай болса, баршамыз надандықпен күресіп, жарыққа, білім-ілім алуға ұмтылайық. Күнәдан тазарып, намазға асығайық. Намаз - екі дүниенің шырағы. Бізді осы дүниенің азабынан, ақыреттің Тозағынан құтқаратын тек біздің иманымыз бен оқыған намазымыз екенін ұмытпайық дегіміз келеді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: