Намазы жоққа берілетін 15 түрлі жаза (жалғасы бар)

Намазы жоққа берілетін 15 түрлі жаза (жалғасы бар)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз – Алла тағалаға жасайтын құлшылықтардың негізі. Намаз оқу арқылы пенде Жаратушының алдындағы негізгі парызын өтей отырып, өзінің екі дүниедегі қажеттіліктеріне қол жеткізеді. Намаз – сондай-ақ, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі толысқан әрбір мұсылманға парыз. Күнделікті бес уақыт намаз оқу арқылы біздер Алла тағаладан күнәларымыз үшін дұға етіп, кешірім сұраймыз, тілектер тілейміз. Намаз оқудың өзіндік шарттары мен тәртіптері, белгіленген уақыттары бар. Олардың барлығы да тиісті талаптар деңгейінен көрінуі тиіс. Кейде түрлі себептермен біздер намазды кешіктіріп, өткізіп алып, соған байланысты артынан қазасын өтеп жатамыз. Оны өзімізше түрлі сылтауларды алға тартып, өзімізді ақтауға тырысамыз. Негізі, намаздар өз уақытында оқылуы тиіс. Пайғамбарымыздан (ﷺ) «Намаздың абзалы қайсы?», - деп сұрағанда ол (ﷺ): «Уақытында оқылған намаз», - деп жауап берген екен. Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінің 103-аятында: «Шындығында мұсылмандарға намазды уақытында оқу парыз етілді», - дейді. Бұдан біздер намаздың уақытылы оқылуы керектігіне дінімізде айырықша маңыз берілетіндігін байқаймыз. Ал, кімде-кім намазын ұмытып немесе ұйықтап қалса және жалқаулықпен оқымаса, сол оқымаған намазының қазасын міндетті түрде оқиды. Бұл жөнінде Пайғамбарымыздың (ﷺ) хадисінде: «Кімде-кім ұйықтап қалып, ұмытып намазын оқи алмаса, еске түскен сәтте дереу оқысын», - делінген. Жаратушы Иеміз біздерге намаз оқып, өзіне ғана құлшылық жасауымызды бұйырады. Сондай-ақ, намаз оқу арқылы бізді түрлі жамандықтардан сақтануға шақырады. Құранның «Анкабут» сүресінде: «(Ей, Мұхаммед! Саған уахи етілген кітапты оқып, намазды орында. Күдіксіз, намаз арсыздық пен жамандықтан тыяды», - делінсе, тағы бір аятта: «Мен жындар мен адам баласын тек қана маған ғибадат етсін деп жараттым», - дейді.

Намаз оқымау - дүние мен ақырет азабына себеп болады. Ақыреттегі азап туралы Құранда былай айтылады: «Олар Жәннәтта тұрып күнәһарлардан: «Сақар жаһаннамға түсулеріңе нендей себеп болды?», - деп сұрайды. Сонда олар: «Біз намаз оқымайтын едік», - деп жауап қатады».

Дені сау, ақыл-есі бүтін адамның намаз оқып келіп «кейін оқимын ғой» деп өзін-өзі алдарқатып, намазды тоқтатып қоюы – күнә. Мұны шайтанның жетегінде кетушілік демеске лаж жоқ. Хазіреті Пайғамбарымыз (ﷺ) «Әдейі намазды тастаған адамға Алла мен Пайғамбардың (ﷺ) көмегі болмайды», - дейді. Сонымен қатар, «Кімде-кім жұма намазына немқұрайлықпен қараса, оны үш рет тәрк етсе, Алла Тағала оның жүрегіне мөр басады», - деген. Ғибадат – жеке өмірге мән сыйлап, қалыпты тыныс – тіршілік ағынын реттеумен қатар, адамның мәңгілік өміріне жасайтын негізгі дайындығы болып табылады. Өмірін ғибадат арқылы өрнектеп, өзіндегі әсемдік пен әдеміліктің әрін арттырған адамның жасаған тірлігі берекетке қол жеткізеді. Ғибадат – сондай-ақ, ақыреттегі мәңгілік бақыт мекені - Жәннатқа қол жеткізудегі бірден-бір себепші болып табылады. Олай болса, пендешілікке салынбай, нәпсіге ауыр тигеніне қарамастан асқан сабырлықпен ғибадат жасау - екі дүниенің де бақытын ойлаған ақылды адамның ісі болмақ. Шындығында да, ғибадат - Алланың әмірлерін орындап, тиғандарынан бойды аулақ ұстау арқылы Оның азабынан сақтану дегенді білдіреді. Жаратушыға жан-тәнімен берілген, тақуалықта ғұмыр кешкен жанның екі дүниеде де өзіне лайықты берілер сыйы бар. Әрине, тақуалық дегеніміз кең ұғымды қамтиды. Ол - дінді ерекше ынтамен ұстана отырып, әлемдегі заңдылықтарға бағынуды, Жаһаннам мен Жаннатқа жетелейтін амалдардан бастап, мәнсіз еліктеуден сақтануға дейінгінің барлығын толық қамтитын ұғым. Осы тұрғыдан алғанда тақуалық - адам баласы үшін абырой мен құндылықтың бірден-бір қайнар бастауы. Міне, осыған орай Алла Тағала: «Алла алдында сендердің ең ардақтыларың - ең тақуа болғандарың», - дейді.

Күнделікті намаз оқып, құлшылықтар жасау кейбір жандар үшін ерекше қиындық ретінде көрінуі мүмкін. Шын мәнінде, мұның еш қиындығы жоқ. Тек ерекше ынта мен ықылас қойған адамға аз ғана сабыр мен төзім жеткілікті.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: