ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

ОРАЗА АЙТ НАМАЗЫНА ҚАТЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қадірлі жамағат!

Сіздерге еліміз бойынша мешіттердің аулаларында Ораза айт намазы оқылатындығын (Жергілікті бас санитарлық дәрігерлердің Қаулысы бойынша рұқсат етілген) қуанышпен жеткіземіз.

Ең бастысы мешітке келуші мұсылман жамағатын төмендегі сақтық шараларға мән беруге шақырамыз:

- Бетперде (маска) киіп келу;

- Үйден дәрет алып келу;

- Намаздан соң қол беріп амандаспау;

- Намаздан кейін көп кідірмей үйге қайту;

- Жамағатпен оқылатын намазға балиғатқа толмаған балаларды алып келмеу;
- Науқастар мен әйелдердің айт намазына қатыспағаны абзал.

Барша мұсылман қауымын осы жағдайларға түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Жұқпалы індетті таратпау үшін әр азамат өзінің отбасы, қоғам алдындағы жауапкершілігін терең сезініп, санитарлық талаптар мен мешіт тәртібіне бағынуы қажет.

Барша жамағатты өзі мен отбасының, еліміз бен жеріміздің амандығы үшін Жаратқанға дұға жасауға үндейміз.

Алла Тағала жер бетіндегі күллі адамзатты түрлі апаттан сақтап, жұқпалы індеттен аман еткей! Әмин!

muftyat.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: