Ислам дініндегі тазалықтың орны

Ислам дініндегі тазалықтың орны

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын.

Исламдағы тазалықтың орны ерекше өйткені, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) тазалық жайына айрықша мән беріп, "Тазалық- иманның жартысы", - деп мұсылмандардың тазалыққа шақырған. Тіпті алғашқы түскен құран аятында "Әй бүркенген жан! Тұр, халыққа ескерт. Раббыңды ұлықта. Киіміңді таза ұста" деген.

Құлшылық жасау үшін бірінші тазалану қажет. Бір күнде 5 рет дәрет алған адамның денсаулығы неғұрлым жақсы болғанын көреміз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) хадисінде "Бес нәрсені адам баласы жаратылысынан қажетсінеді: мұртты басу, тырнақ қысқарту, қолтықты түктен тазарту, ұятты жерді түктен тазарту, сүндетке отыру" деп, Исламдағы тазалықтың адам жаратылысынан қажетсінетін көреміз. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) әрқашан тазалыққа жіті мән берген. Хадисінде "Ақ киім киіңіздер. Ақ түсті киім әдемі көрінеді, тазалық тұрғысынан да ыңғайлы. Мәйітті ақ түсті матамен кебіндеңдер" деп, ескерткен.

Бірде "Абайлаңыздар, қарғыс атқандардан болмаңыздар" дейді. Сонда сахабалар қарғыс атқандардың кімдер екенін сұрағанда: "Ел жүретін жолға, ел көлеңкелейтін ағаштың түбіне, өзен, көлдің жағасына дәрет сындырып ластағандар",- деп жауап берді. Бұдан қоғамдық орындарды да таза ұстауға дініміз үшін маңызды болып табылатынын байқаймыз. Ислам діні сыртқы тазалық пен қоса ішкі тазалыққа да айрықша мән берген. Өйткені, сыртқы тазалық ішкі тазалық пен үйлескенде ғана адамның жасаған құлшылығы қабыл болмақ. Ішкі тазалық - жүрек тазалығын, көңіл ақтығын, ниеттің дұрыс тығын, адамгершілік қасиеттердің кемелдігін құрайды.

 Қуаныш  Исмаилов

Жамбыл ауданы Құмтиын аулының имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: