Екі кәмпиттің қайсысын алар едің?..

Екі кәмпиттің қайсысын алар едің?..

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бір британдық жігіт мұсылман ғалымнан: «Неліктен Исламда әйел адамға бөгде ер адамдармен қол алысып амандасуға тыйым салынған?», – деп сұрайды.

Ғалым: «Елизавета патшайыммен қол алысып амандасу мүмкін бе?», – деп сұрапты.

Әлгі жігіт: «Әрине белгілі бір адамдардан басқаларға мүмкін емес», – деген екен.

Ғалым: «Бізде әйел адам да патшайымдар іспеттес, кез келген ер адамдар олармен қол алысып амандаса алмайды», – деп жауап беріпті.

Сосын әлгі кісі ғалымнан тағы да:

«Неліктен сендерде әйел адам денесін, басын жауып жүреді», – деп сұрайды.

Мұсылман ғалым жымыйып, қолына екі кәмпит алып, бірін ашып, бірін ашпай екеуін жерге тастай салады да Британдық жігітке: «Егер сенен жерде жатқан екі кәмпиттің бірін ал деп талап етсем, қайсысын алар едің?» – дейді.

Жігіт: «Әрине, ашылмағанын», – деп жауап қатады.

«Міне, дініміздің де әйел адамға қатысты ұстаным осындай», - деген екен мұсылман ғалымы.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: