ҚОРҚЫНЫШТАН ҚАЛАЙ АРЫЛАМЫН?

ҚОРҚЫНЫШТАН ҚАЛАЙ АРЫЛАМЫН?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Қорқыныш жалпы алғанда адамның табиғатында бар бірақ, кез келген нәрседен қорқып үреймен өмір сүру қиыншылық пен әртүрлі жағымсыз әрекеттерге итермелуі мүмкін.

 Ең алдымен қысқаша ислам дініндегі «қорқыныш» түсінігі жайлы мәлімет айта кетейік. Алладан және қиямет күнінен қорқу мұсылман өмірінде маңызды рөл атқарады. Бұл сезім Алла тағаланың бұйрықтарына мойын ұсынып, ізгі істер  жасауға жетелейді.

Алладан ғана қорқу пендені дуниедегі өзге де нәрселерден қорқудан арылтады. Құранда Жаратушымыз: «Егер шынайы мүмін болсаңдар, олардан қорықпаңдар, тек менен ғана қорқыңдар» деп, шынайы мүміннің тек қана Алладан қорқу керектігін, шын мәнінде қорқудың да иманнан екенін ұғындырады.

Қорқыныш сезімінің адам баласына беретін пайдасы туралы  көптеген аяттар бар. Осы қасиет арқылы адам баласы тура жол, рақымдылық, өнеге мен разылықтың бар екенін түсінеді. «Ағраф» сүресінде:

«Раббыларынан қорыққандарға тура жол мен рақымдылық бар» делінсе, «Алла олардан разы, олар да Алладан разы болды. Міне, осы сый-сыяпат Алладан қорыққандар үшін» деу арқылы қорқудың пайдаларын көрсетеді. Мына аятта: «Алла тағаланың алдында ең ардақтыларың – Одан ең көп қорыққандарың»,– делінген.

Бұл қорқыныш адамның нәпсісін тежей отырып, шәһуатты сезімдерге тыйым салады. Жүрегін қорқыныш билеген адам ар-ұяттан аспай, нәпсінің жамандық атаулыны қалауынан жиреніп тұрады. Адам бойындағы нәпсіқұмарлықты Алла тағаладан қорқу мен тозақ азабының үрейі ғана тежей алады.

Қорқыныш барлық жамандықтардан тыйып, тек жақсылыққа жетелейтінін тағы айта кетейік. Егерде, жамандықтан тыймаса, оны қорқынышқа жатқызуға болмайды. Дегенмен, қорқуда да теңдікті сақтай білген жөн болар. Себебі адам баласын жақсылық жасауға жетелейтін қорқыныш қана – нағыз қорқыныш болмақ. Яғни, ислам дінінде қорқыныштың айтарлықтай мәні бар. Бұл қорқыныштың қазіргі таңда қолданылатын фобиядан айырмашылығы бар. Қорқыныш сезімін бірнеше түрлерге бөлуге болады. Мысалы, Алладан, ақырет күнінен қорқу сияқты, діни тұрғыдан пайдалы қорқыныш, Аллаға серік қосуға апаратын және құлшылықтарды тастауға себеп болатын  қорқыныш, діни сенімге қатысы жоқ табиғи қорқыныш сезімдері.

Жалпы алғанда, қорқыныш кез келген адамның бойында кездесетін табиғи қасиет болып саналады. Адам баласы оттан, жан-жануарлардан, дұшпандарынан және дүниедегі нәрселерден қорқады. Сонымен қатар имандылықтың ең жоғарғы шыңындағы пайғамбарлардың өзі кейбір нәрселерден қорыққан екен. Әрине, бұл олардың пенде  екендіктерінің табиғи көрінісі.

Жаратушы Иеміздің адам бойына берген қасиеттердің бәрінің екі қыры болады. Егер, ол қасиеттерді дұрыс пайдаланса, ол адамға абырой әкелері сөзсіз, егер жаман жолға пайдаланса абыройын кетіреді.Сондықтан дүниелік нәрселерден қорқу адамның салиқалы өмір сүруіне үлкен кедергі жасайды. Яғни әрбір мұсылманның табиғи әртүрлі қорқыныштардан арылуы– ең қажет парызы екенін ұмытпағаны абзал.

Қорыта келе, ислам көзқарасында әрбір адам үшін қорқыныштан арылудың ең дұрыс және қарапайым  жолы ретінде әрдайым діни сауаттылықты арттыруға ерінбей еңбек етіп, көп құран жаттап, Құрандағы өзінің білетін сүрелерін жиі оқып журсе нұр үстіне нұр болар еді.

Күнделікті өмірде әртүрлі қорқыныш, үрейден сақтайтын дұғаны пайдалану артық болмас деген ниетпен  осы дұғаны пайдалануға кеңес береміз.

 

Бисмиллаһи рахмани рахим!
Уә ас – алука би – асма – ика иә кәфи иә уәфи иә шафи иә муғафи иә һәди иә рағи иә қази иә рази иә ғали иә бақи.
Сүбханака иә лә илаһа иллә апта халлисна минал ғамми уәлһамми уән-нари иә рабби!
Иә ман халақа фасаууа, иә ман қаддара фаһада.
Иә ман һууа жунжи ул һалкә
Иә ман һууа мунқизул ғарқа
Иә ман һууа иәшфилмарза иә ман һууа азхака уә абкә.
Иә ман һууа азалла уә аһда
Иә ман һууа амата уә ахйа
Сүбханака иә лә илаһа иллә анта халлисна минал ғамми уәлһамми уән – нари иә рабби!


 Нұрлан  ЖҰМАКЕРІМҰЛЫ

Жуалы ауданының бас имамы

asyldin.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: