БАЛАҒА МҰНДАЙ ЕСІМ БЕРМЕҢІЗ!

БАЛАҒА МҰНДАЙ ЕСІМ БЕРМЕҢІЗ!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құдай Тағала әлемді жоқтан бар етіп жаратқаннан кейін,  жаратқан әрбір жаратылысына атаулар  берген,  сол атауларына қарап жаратылысты танып-біліп жатамыз. Алла жаратқан көркем жаратылыстарының бірі ол – адам. Адамды көркем етіп жаратқаннан кейін, адамға қойылатын есімде көркем болуы тиіс.

 Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис шәрифінде  былай дейді: «Бала дүниеге келгенде оған жақсы есім қойыңдар!» - деп дүние есігін ашқан сәбиге жақсы есімнің қойылуы керек екенін біздерге білдіреді.  Демек, балаға есім беруде жақсылап ойланып, үлкендермен ақылдасып қойғаны абзал.

Шариғатымызда тыйым салынған есімдер бар, сол есімдер балаға қойылмағаны дұрыс. Олар  пұттар,  жын-шайтандардың, кәпірлер мен дін дұшпандары,  Пайғамбарлар лағнеттеген адамдардың есімін қою мұсылман баласы үшін дұрыс емес.   

Алла елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) мән-мағынасы жоқ  есімдерді қоюғада тиым салған. Бірде Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бір түйені әкелдіріп сахабаларынан: «Мынаны кім сауып береді?» - дейді. Сонда бір кісі орнынан тұрады. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Атың кім?» - деп сұрайды. Ол кісі (Ащы) – деп жауап береді. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Онда отыр» - дейді. Сосын тағы да:  Мынаны кім сауып береді?» Бір кісі орнынан тұрады. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын)  одан да: «Атың кім?» - деп сұрайды. Әлгі кісі: «Харб» (Соғыс), - деп жауап береді. Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «онда отыр», - дейді. Сосын тағы да: «Мынаны кім сауып береді?» - дейді. Бір кісі орнынан тұрады.  Сонда Пайғамбар (с.а.у) одан да: «Атың кім?» - деп сұрайды.  Ол: «Яғиш»  (Өмір сүреді)   - деп жауап береді. Пайғамбар (с.а.у): «Сен сау» - деп бұйырады.

Шариғатымыз жаман лақап ат қоюдан да тыйған.  Мысалы, Қыли, Бызаубас, Ока, Ақсақ Сәбит,  Қортық Алмат деген сынды есімдер. Бұл жайында Алла тағала Құранда ашық баяндайды: «Және жаман лақап аттармен атамаңдар. Иман келтіргеннен кейін сұмпайы ат қандай жаман? Ал, кім одан тәубе етпесе, міне, солар нағыз залымдар» («Хужурат» сүресі, 11 - аят).  

 Алла тағаланың 99 көркем есімдері бар:  Алла, Ар- Рахман, Әл-Ғофур, Әл-Мәлик, Әл- Азииз осындай Алланың көркем есімдерін балаға қоюға әсте болмайды, бұндай есім тек Аллаға ғана тән. Тек Алланың 99 есімдерінің алдына «Абд» деген жалғау қою арқылы ғана Алланың есімдерін қоя аламыз. Мысалы, Саттар – Абдуссаттар, Раззақ – Абдурраззақ, Алла – Абдолла. Осы сынды есімдерге шариғатымыз рұқсат етеді. Қазақ халқы әубастан балаға есім қойғанда бір тұлғалы кісіні үлгі тұтып, сол кісінің есімін қойып жатады, болашақта баламыз тұлға болсын деп. Бұлай ат қою ең жақсы жол, себебі елімізде ел жанашырларының есімдері Аллаға шүкір өте көп. Қазақ елі батыр, ақын, ғалым т.б  тұлғаларға толы.

Рысбай  ЕСПЕНБЕТОВ

Мойынқұм ауданының бас имамы 

  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: