ҚҰРАН ОҚУДЫҢ ӘДЕПТЕРІ

ҚҰРАН ОҚУДЫҢ ӘДЕПТЕРІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемдердің Раббысы болған Алланы әртүрлі кемшілік атаулыдан пәктеп, оған мақтаулар мен мадақтар болсын. Алланың ең соңғы әрі ең сүйікті елшісі пайғамбарымыз Мухаммедке Алланың сәлемімен салауаты   болсын.

Алланың кәләмі болған Құран адам баласын екі дүниеде де бақытқа жеткізетін, тура жолды көрсетуші, ақ пен қараны ажыратушы қасиетті кітап. Құран оқу немесе құран жаттау үлкен сауап екені белгілі, алайда Құран оқыған кезде әдепке мән берген жөн. Себебі, Құран оқу Алламен байланыстыратын амал болып табылады. Оған құрметпен қарап, өз әдебімен қарым-қатынас жасағанымыз дұрыс.

Құран оқудың әдептері:

1. Құран оқыған кезде дәретпен оқу. Құран оқыйтын кісінің дәретті болуы мұстаһаб амал. Құран оқу – Алланы зікір етудің ең абзалы.

2. Ықыласпен оқу. Құран оқушы адам ниетінде Алла разылығы үшін деп оқу тиіс.  Қандай ғибадат болса да  ықылас талап етіледі. Амалдардың қабыл болуы үшін көп болуы емес сапалы  болуы шарт. Құранда: «Қайсыларың жақсырақ амал істейтіндіктеріңді білу үшін ол өліммен өмірді жаратты. Ол –аса Ұлық, Кешірімді» дейді. («Мүлік» сүресі, 2 аят).

3. Құран оқуды бастамас алдын тіс тазалығына мән беру керек. Пайғамбарымыз оған Алланың сәлемімен салауаты болсын, былай дейді: «Пенде намазда тұрған кезде, Құран оқыған кезде періште оған жақындайды, ол Құранды оқыған сайын ол өте жақын ауызға қарай келеді, ауыздан шыққан әрбір нәрсе оның ішіне енеді сондықтанда ауызды мисуакпен тазалап, тап-таза күйінде ұстаған дұрыс»

4. Құбылаға қарап оқу. Құран оқушыға құбылаға бетін бұрып, байсалдылықпен отырып оқу абзал болып табылады.

5. Құран оқылатын жердің таза болуы керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемімен салауаты  болсын): «Тазалық – иманның жартысы» дейді. Тазалық – Аллаға ұнамды іс-әрекеттің бірі болып табылады. Құран оқушы адам Алламен байланыста болатындықтан ол жер де таза болу керек.

6. Үлкен дәретсіздіктен таза болуы керек. ( яғыни хайыз, нифас, жүніп болмауы шарт). Пайғамбарымыз оған Алланың сәлемімен салауаты   болсын: «Хайыз және жүніп  адам Құраннан бір үзікте оқи алмайды» деген.

7. Құранды Алланың атымен бастау. Әғуузу мен Бисмилланы айту.

8. Құран оқыған кезде аяттардың мағынасына ой жүгірту. Алла тағала: «Біз саған осынау мүбәрак кітапты оның аяттарына терең ой жүгіртсін және ақыл иелері одан үлгі өнеге алсын деп түсірдік» деген. («Сад» сүресі, 29 аят).

9. Сүйеніп немесе жатып оқымау. Олай жасау – Құранға құрметсіздік болады.

10. Тәкаппарланып отыруға болмайды. Меселен, үлкен кісілердің алдында шалқайып жатпаймыз немесе қалай болса солай отыра салмағанымыз сияқты Құран оқығанда да жинақы отыру керек.

11. Әйел кісілер басына жаулық жабуы керек.

Асқар ЗӘКІРЖАНҰЛЫ

Қордай ауданының бас имамы

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: