ТАСАВВУФТЫҢ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?

ТАСАВВУФТЫҢ МАҚСАТЫ ҚАНДАЙ?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тассаввуфтың ауқымды танымы мен тақырыбына қарасақ, оның адам баласы үшін өте маңызды әрі жоғары бір мақсатты көздегенін байқаймыз. Бұл мақсат сонау алғашқы пайғамбардан (Адам әлейһиссәләм) бастап, барлық пайғамбарлар мен салиқалы құлдардың күн сияқты жарқыраған Аллаға ең тамаша әрі шын беріліп, құл болу еді. Бұл жағынан ол ең жоғарғы мақсат болып табылады. Яғни, Алла Тағаланың разылығына кәміл түрде қол жеткізу үшін рухани аурулардан айығып, Алла мен Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тәрбиесінен нәр алып, нәпсіні діннің үкімдеріне көндіріп, құлшылықтарды ғафлетті болып қалудан құтқарып, ихсан сезіміне қауышу. Сөйтіп, жүректі рухани ұлылықтарға бұрып, ақыры таза жүрекпен Алланың разылығына қол жеткізу.

Адамзат тарихында қаншама рет көрініс тапқан бір ақиқат адам баласы негізгі жаратылысы жағынан «Ихсани тақуим» (ең абыройлы жаратылыс) мәртебесінде тұрып, өзінің жаратылыс мақсатын ұмытып, бағытын жоғалтса, яғни, хайуаннан адам төмен халге дұшар болатын бір жаратылыс. Ондағы абырой мен құндылықты белгілейтін бір ғана себеп иман. Иманнан соң ахлақ тұрады. Сондықтан пайғамбарлардың міндеті де адамдарды осы қасиеттермен безендіру еді.

Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  ізбасарлары саналатын салиқалы құлдар және олардың пайғамбарлық қайнарынан алған тәрбиелері де Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы міндетіне мирасқорлық, өкілдік іспеттес болып қабылданады.

Тасаввуф жолымен жүргендер әр жағдайда сыртқы және ішкі құндылықтарының орталығы болған Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) толық бағынушылық талабында болады. Оларға осы жолда бағыт берген тақуа құлдарда Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) осы әлемде орындаған бір қызметін атқарған болып, «Шынайы ғалымдар пайғамбарлардың мирасқорлары». Сондықтан, тасаввуфтың мақсаты болып саналатын рухани кемелдікті бейне бір Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) адамдар арасында іске асырмақшы болған мақсатының көрінісі екендігін айтуға болады. Белгілі болғанындай бұл мақсат – адамдарды иман мәселесінде нәпсілік жаман істерден арылтып, көркемахлаққа, яғни, рухани кемелдікке және жақсы мінездерге көтеру болып табылады. Сол үшін де тасаввуф көркем ахлақты, мархабат, мейірім, жомарттық, кешірімділік, шүкіршілік сияқты жоғары қасиеттерді мүміндердің ләззатына айналдыра білу деген сөз. Тасаввуфтың мақсаты – қабілеті барларды зүһд пен тақуалық жолында қабілеттері жетісінше кемелдендіріп, кәміл, өзін және Раббысын лайықты дәрежеде білетін, Алла Тағалаға жақындықтың дәмін татқан, нәпсісінің дұшпандықтарына қарсы, Раббысымен шын дос бола білген адам ету жолында сатылардан өтуге қызықтыру.

Алла Тағала қасиетті Құрани кәрімде: «Біз аманатты көктерге, жерге және тауларға ұсындық. Олар мұны мойындарына алудан тартынды, жауапкершіліктен қорықты. Оны адам мойнына алды. Расында ол, өте залым және надан» делінген. («Ахзаб» сүресі, 72 аят)

Аталған аятта айтылғандай, пасықтық ішінде адасқан адамды залым және надан сипатынан құтқарып, адам дәрежесіне қауыштыру. Залымның антонимы - «әділ». Яғни, құлдың амалының ізгі болуы. Наданның антонимі - «ілім». Шынайы ғалым болу үшін сыртқы ілімдей, ішкі ілімге де ие болу қажет.

Алла Тағала Құранда: «Білгейсіңдер, Алланың достарына қорқыныш жоқ. Олар қайғармайды да. Олар иман келтіріп, тақуалыққа жеткендер» делінген. («Юнус» сүресі, 62-63 аят).

Жүректе сәулеленген иман құлды барлық қате, теріс сенімдерден құтқарып, Алла Тағалаға жақындатса, тақуалық та жүректі нұрландырады. Мұндай құлдың жүрегі нұрға толы иләһи назар орны болып, иләһи хикмет пен сырлардың арнасы болады.

Талғат КӘРІБАЙҰЛЫ

Шу аудандық «Төле би» мешітінің найб имамы

ASYLDIN.KZ

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: