Исламда апта күндері нені білдіреді?

Исламда апта күндері нені білдіреді?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағала кейбір күндерде жасалған құлшылық түрлеріне берілетін сауапты бірнеше есеге өсіріп, ал жаза барынша ауыр болатындай еткен. Ислам тұрғысынан алып қарағанда күндердің дәрежесі қандай? Исламда қай күн ең жақсы болып табылады?

Біріншіден, айта кету керек, сағаттан, күннен, аптадан, айдан, жылдан тұратын адамның күллі өмірі құлшылық жасауға әрі сол жасаған құлшылықтары арқылы Алланың разылығын алу мүмкіндігі болып табылады. Ал уақытымызды қалай, қайда жұмсауымыз тек өзімізге ғана байланысты. Әрбір атқан жаңа таң – Алла Тағаланың бізге берген сыйы мен рақымы, осы күнді біз Жаратушыға және жақсы амалдар жасауға арнауымыз қажет екендігін естен шығармауымыз керек. Білген адамға, жаңа күн – күннен күнге бізге беріліп отыратын үлкен байлық.

Кәне, аптаның әрбір күнін қарастырып өтейік.

· Араб тілінен аударғанда Жұма – жиын күні.

Мұсылман үшін ең басты әрі ең маңызды күн жұма болып табылады. Алла Тағала кейбір күндерді басқа күндерден артық етіп жаратқан, сондай күндердің бірі – жұма. Мүміннің күллі өмірі – Алла Тағалаға құлшылық етумен өтеді, ал қасиетті жұма күні оқылған намаз мейрам деңгейіне дейін көтеріледі әрі жамағатпен бірге оқылады. Біздің сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммед (ﷺ) былай айтқан: «Бір жұмадан келесі

жұмаға дейін оқылатын бес уақыт намаз сол аралықта жасалған күнәнің өтелуі болып табылады, тек ауыр күнәдан өзгесі».

Сондай-ақ, хадисте де былай айтылған: «Жұмадан ізгілікті күн жоқ. Жұмада Алла Тағала пендесінің жасаған дұғасын кері қайтармайтын бір сағат бар».

Ислам тарихы бойына жұма маңызды күн. Бір хадисте былай айтылған: «Күн шыққан күндердің ең жақсысы жұма болып табылады. Бұл күні Адам Ата (ғ.с.) жаралған. Осы күні Адам Ата (ғ.с.) Жұмаққа кіріп, Жұмақтан қуылып, сондай-ақ, осы күні қайтыс болған. Қиямет күні де жұма күні болады».

Жұма қасиетті күн болғандықтан, осы күні жасалған дұғалар мұсылман өмірінде ерекше орын алады. Осы күні мұсылмандар игіліктерге бөленеді. Жұма – Арафатта тұру күнінен кейінгі күндердің ең жақсысы. Жұма күні күнә жасау, бұл қасиетті күнді елемеу болып табылады, сол себепті осы күні жасалған күнәлардың жазасы бірнешеге артады, алайда осы күні жасалған жақсы амалдардың сауабы да молынан болады.

· Сенбі – демалыс күні (арабша «ас сабт», яғни «доғару»), жаппай құлшылық ету күнінен кейінгі күн.

Сенбі жайында Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Сенбі алдау мен опасыздық күні». Бір хадисте былай келтірілген: «Сенбі - яһудилерге, жексенбі – христиандарға, ал жұма – мұсылмандарға берілген». Бұл күні ең жақсысы кәсіпті қоя тұрып, уақытты демалуға арнау дұрыс болады. Көптеген мұсылман елдерінде жұма мен сенбі – демалыс күндері болып табылады.

Негізі, мұсылмандар аптаның әрбір күніне бөліп-жара қарамай, әр күнге құрметпен қарайды.

· Жескенбі – араб тілінен аударғанда «бірінші күн». Жескенбі туралы Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Жексенбіде ағаш отырғызып, үй салатын күн».

· Дүйсенбі – екінші күн. Пайғамбарымыздан (ﷺ) дүйсенбі туралы сұрағанда, ол былай жауап берген екен:

«Дүйсенбі - сапарға шығу мен сауда күні».

Дүйсенбі ораза ұстауға қолайлы күн болып табылады. Бұл күн Пайғамбарымыздың (ﷺ) дүниеге келуімен мәнді. Алла Елшісі (ﷺ) өзінің туған күнін Алланың рақымы деп дәріптеп, өзінің разылығын дүйсенбі күні ораза ұстаумен білдірген. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Менің үмбетімнің жақсы, жаман амалдары әрбір дүйсенбі және бейсенбі күндері маған жеткізіліп тұрады. Маған жақсы амалдар жеткізілгенде, мен Аллаға шүкіршілік етемін, ал жаман амалдар келгенде – Алладан оларды кешіруін өтінемін».

· Сейсенбі – үшінші күн (арабша «ат талата»). Бұл күн туралы Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан:

«Сейсенбі - қан және қан төгіс күні». Сейсенбі күні Алла Тағала Жұмақтан Ібілісті қуып, Тозақты жаратып және адамдардың жанын алу міндетін Әзірейіл (ғ.с.) періштеге жүктеген.

· Сәрсенбі – төртінші күн. Өзге күндердегі сияқты бұл күні де Алланы еске алып, Оған құлшылық етіп әрі жақсы амалдар жасау керек.

Исламда жаман және оларға байланысты наным күндері жоқ. Әрбір арайлап атқан таң мен жарқырап шыққан күн жақсы әрі Жаратушымыздың бізге берген сыйы болып табылады, бірақ кейбір күндерге мүміндер үшін үлкен игіліктер жасырылған.

· Бейсенбі – бесінші күн.

«Бейсенбіде қажеттіліктер орындалады және осы күні басқарушы мен шенеуніктерге бару қайырлы».

Бейсенбі туралы Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Менің үмбетімнің жақсы, жаман амалдары әрбір дүйсенбі және бейсенбі күндері маған жеткізіліп тұрады. Маған жақсы амалдар жеткізілгенде, мен Аллаға шүкіршілік етемін, ал жаман амалдар келгенде – Алладан оларды кешіруін өтінемін».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: