Шағбан айын сауаппен өткізгіңіз келсе...

Шағбан айын сауаппен өткізгіңіз келсе...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

   Шағбан – ислам дінінде ерекшелікке айлардың бірі.  Пайғамбарымыз Мұхаммед  (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шағбан – менің айым және шапағат айы. Шағбан айының басқа айлардан артықшылығы менің басқа пайғамбарлардан артықшылығымдай. Ал Рамазан – кешірім және үмбетімнің айы. Бұл айдың артықшылығы менің үмбетімнің басқа пайғамбарлар үмбетінен артықшылығы сияқты», - деген.

Ораза –жаһаннамның қалқаны, құлшылықтың қақпасы, тәннің  зекеті. Шағбан айында нәпіл ораза ұстау – мұстахаб амалына жатады. Усама ибн  Заиидтен риуаят еткен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Я, Расулулла, сенің басқа айлардан гөрі осы Шағбан айында оразаны көп ұстайтыныңды көрдім оның себебі не? - деп сұрадым. Сонда Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

– Я, Усама бұл айдағы амалдардың бәрі Алла тағаланың құзырына көтеріледі. Сол кезде менің амалымның  ораза болғанын қалаймын», - деп  жауап берді.

Ислам дінінің негізі тірегі туралы айтылатын «Ғимадул Ислам» кітабының Шағбан айының қасиеттері туралы бөлімінде нәпіл намаз оқудың сауабы туралы: «Кімде-кім Шағбан айының бірінші күні туғанда 12 рәкәт нәпіл намаз оқып, онда «Фатиха» сүресіне «Ықылас» сүресін бес мәрте қосып оқыса, ол кісіге Алла тағала он екі мың шаһидтің және он екі жыл құлшылық еткеннің  сауабын берер. Анасынан жаңа туылғандай күнәдан пәк болар»,-делінген. Егер мұсылман жоғарыда атап өткеніміздей шағбан айының басында, ортасында,аяғында үш күннен нәпіл ораза ұстаса, «Алла тағала ол кісіге 70 пайғамбардың және 70 жыл жасалынған ғибадаттың сауабын берер.

Ал осы айда дүниеден өткен адам шаһид болар» деп «Ғимадул Ислам» кітабында айтылған. Шағбан айында болған айтулы  оқиғалар.

-         Шағбан айының үшінші күні хазіреті Хусеин (р.а.) дүнееге келді.

-         Шағбан айының төртінші күні хазіреті Хасан (р.а.) дүниеге келді.

-         Шағбан айының он бесінші кешінде Бараат түні уаһи болды.

-         Шағбан айының жиырма бесінші күні хазіреті Омар (р.а.) дүниеден өтті.

Ендеше, Алла тағаланың бізге берген қасиетті айларының  сауабынан, шапағатынан құр қалмайық, ағанын!

 

Шағбан айының бірінші күні  наурыздың 15 күні басталады.   

Ғайырфулла ҚУАНЫШБЕКҰЛЫ

Жамбыл ауданының бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: