Сабырлы мұсылманның 10 қағидасы

Сабырлы мұсылманның 10 қағидасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Алла Елшісі (ﷺ) нағыз байлық бұл дүние байлығында емес, нағыз байлық – жан байлығында деп айтып кеткен. Сабырдан артық жан байлығының жоқ екенін біз білеміз. Сондай-ақ, біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ﷺ) былай да айтқан: «Ешбір пендеге сабырдан артық, сабырдан жақсы нәрсе нәсіп етілмеген». Сабыр үшке бөлінеді:

- Алланың бұйырғандарына бойұсынудағы сабырлық;

- Күнәны тастаудағы сабырлық;

- Алланың нәсіп еткен қайғы-қасіретіне сабырлық таныту. Сонымен, сабыр, сабырлық таныту, сабырлылық, сабырлы болу дегеніміз не? Сабырлы болу дегеніміз:

1. Өмір жолында кездесетін қиыншылықтар мен сынақтарға мойынсұну, яғни сынақтарды өмірдің бір әділетсіздігі емес, керісінше, сынақтарға шыңдалу мен дамудың қалыпты бөлігіндей қарау.

2. Сынақтардан, кедергілерден өтуде табанды болу.

3. Жамандыққа жақсылықпен жауап беру.

4. Айтқан сөзінде, уәдесінде тұру.

5. Қасірет пен сынақтарда абыройды жоғалтпау.

6. Сәттілік пен жетістіктерде қарапайымдылықты сақтау.

7. Сезімнен жоғары, жағдайдан мықты әрі нәпсіден артық болу.

8. Жер сілкініп, өртеніп жатса да байсалдылықтан айырылмау.

9. Қажеттіден тыс күш жұмсамай, тиімді болу.

10. Кез-келген жамандықтан бір жақсылықтың нышанын таба білу.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: