ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ҚҰРДЫМЫ

ҚҰМЫРСҚАНЫҢ ҚҰРДЫМЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күнделікті нəпақасын тірнектеп тауып жүрген құмырсқа ойда жоқта бір тамшы балға кезігіп қалады. Жақындап барып дәмін көрді. Дәмі тіл үйіртіп, көңіліне қонды.

Құмырсқа бір айналып əлгі балға қайта келді. Балдың дəмін тағы татты. Тоятын түрі жоқ. Көзін қиып тағы кеткісі жоқ.

Өзі тойса да, көзі құрғыр тоймады. Бұл жолы балды шетінен емес, енді ішіне қарай кіріп жеді. Тойғандай болып шыққысы келді, аяғын балдан ала алмады. Əрі-бері аяқтарын сермеп еді одан сайын бал өзіне қарай тарта бастады. Қанша талпынғанымен еш амалы болмады. Осылайша құмырсқа көзі тоймаған балдың ішінде өмірін ерте тауысты.

Білесіз бе, бұл бір мысал?! Мына дүние алаңы үлкен бал тамшысы секілді. Кім одан тек керегін алып, дер уағында нəпсісін тыя білсе, өзін мына дүниенің жамандығынан қорғай алғаны. Ал егер қу дүниеге құнығып, шегін білмесе, өзінің қалай жұтылғанын білмей де қалуы мүмкін. Бұған құмырсқаның құрдымы дəлел...

Қайырбек Отызбаев,

Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: