Пайғамбар (с.ғ.с.) болса не істер еді? (Мазақ қылғандарға жауап)

Пайғамбар (с.ғ.с.) болса не істер еді? (Мазақ қылғандарға жауап)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жалпы жаһанда болып жатқан жайттарға пайғамбар өзі не дер еді деген сөзге жауап мақаласын ұсынайық.

Ардақты елші Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) өзіне жабылған жала мен көрсетілген жәбірге қалай жауап берер еді? Алла елшісі осы бір жауыздыққа үш ауыз сөзбен жауап қатар еді:

 1. «Алла кешір оларды, олар не істеп жатқандарын білмейді». Иә, дәл солай адамзаттың асыл тәжі Тайфқа барған сапарында өзіне жасалған қастандыққа осылай жауап беріп, дұға жасаған еді. Қанша жамандық жасалса да, ол үшін Алладан кешірім сұрайтын Расулулла исламның келбеті. 

 2. «Сендер азатсыңдар». Ол да өзінің туған жерінен, елінен Меккеден қуылып, үйлерін, бала-шағасынан айырылып, Мәдинеге қоныс аударып, кейін қалың қол жинап, үлкен әскермен келіп, Меккені басып алып, сол баяғы өзіне зәбір көрсеткен мүшріктерге: «Сендерге ешкім тиіспейді, азатсыңдар» деген еді.

 3. «Мен адамдар арасына көркем мінез-құлықты көркейту үшін келдім».

 Білсеңіз, Алланың сүйікті елшісінде кек алу деген болмаған. Тіпті, басына түйенің қарнын ақтарып жіберсе де кешірген. Сол себепті жабылған жалаға, зұлымдыққа қарсы бірден зұлымдық көрсету не өшпенділік таныту, әсте пайғамбардан емес еді. Және де Азиз пайғамбардың (с.ғ.с.) миссиясы өш алу, кек қайтару емес, көркем-мінез көрсету, ұлағат пен үлгі-өнеге көрсету екен. Құранда: «Саған зұлымдық танытқанға, жақсылықпен жауап қайтар, сонда жауыңның жақын досыңа айналғанын көресін» делінген. Сондықтан жасалған жамандыққа бірден жамандықпен жауап беруді де құптамас еді.

 Ата-бабамыз бекерге «жамандыққа жақсылық – әр жақсыны ісі, жамандыққа жақсылық – хас адамның ісі», - деп айтаған. Әрине, қол қусырып, отыр демейміз, дұға жасап, тілек тілеуіміз керек. Оған мысал, Ыбырайым пайғамбарды жауыз Немруд отқа қақтамақ болып, алапат өрт құрады. Сонда, отты өшірмек болып, кішкентай құмырсқа, кішкентай ыдысына су құйып, алаулаған жаққа бет алады. Сонда қарға қарқылдап:

- Ей құмырсқа! Қалай өшіресің андағы сумен, мына отты, деп келеке қылғанда Алланың кішкентай әскері:

- Әрине, бір тамшы сумен алауды өшіру мүмкін емес, оны мен де білемін. Алайда, тым болмаса өзімнің кімнің жағында екенімді білдірейін, деп ақталған құмырсқа құрлы өзіміздің кімнің жағында екенімізді білдірту керекпіз.

 Хадисте:... зұлымдық көргенде, соған қарсы амалдардың ең ұлығы, қолмен түзету, ол мүмкін болмаса, ауызбен айту, тіпті ол да болмаса, жүрекпен жек көру, алайда ол ең әлсізі делінген. Солай демекші, қолға қару алып, шап демейміз, дегенмен, кім дұшпан, кім залым екенін біліп, мұсылман достарымызға дұға етейік...

 © Қарапайым бір мұсылман

 Данияр АСЫЛБЕКОВ,

терапевт кардиолог, психиатр

және дінтану магистрі

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: