Адамдар бәрі-бір өлетін болса, не үшін жаратылған?

Адамдар бәрі-бір өлетін болса, не үшін жаратылған?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Мұса пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаладан адамдардың бәрі-бір жанын алатын болса, неге жарататыны туралы сұрады. Бұл сұраққа жауап ретінде Алла Мұсаға (ғ.с.) бидай егуді бұйырды.

Пайғамбар (ғ.с.) Раббысының әмірін орындады. Бидай піскеннен кейін, Мұса (оған Алланың сәлемі болсын) бидайды шабып, бастыра бастады. Осы кезде Алла Тағала одан: «Ей, Мұса, сен не істеп жатырсың?» дейді.  Мұса жауап берді: «Мен бидайды кесіп, оның дәнін сабаннан бөліп алдым». Алла Тағала Мұсаға (оған Алланың сәлемі болсын) бұл оның сұрағының жауабы осы екенін айтты, өйткені егіннен кейінгі дән сабаннан бөлінгендей, өлім де әділ адамдарды күнәкарлардан бөледі.

«Әл-Мүлк» сүресінің 1-ші және 2-ші аяттарында: «Бүкіл билік қолында болған Ол – аса Берекелі әрі Ол – барлық нәрсеге толық құдіреті Жетуші. Жаратылысқа неше түрлі жақсылықтарды үйіп-төгіп беруші Алла Тағала ұлық. Ол – аспандар мен жер патшалығы құдірет уысындағы Алла. Аспан мен жерде Оның қалауымен ғана әрекет етеді. Ол өлім және тіршілікті сендердің қайсыларың ізгі іс жүзінен жақсырақ екенін сынау үшін жаратқан».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: