Ресейлік ғарышкер Мекке мен Мәдина туралы мәлімдеме жасады.

Ресейлік ғарышкер Мекке мен Мәдина туралы мәлімдеме жасады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда ресейлік ғарышкер Анатолий Иванишин Мекке, Мәдина қалалары туралы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, аталмыш қалалар ғарыштан айналасына нұр шашып, жарқырап көрінеді екен. 

«Ғарышта болғанымызда біз әріптестерімізбен бірге өзінің түнгі көрінісімен талайды таңқалдырып жүрген АҚШ пен Еуропа қалаларын суретке түсірдік. Алайда, суреттер сапасыз болып шықты. Кейін Жердің өзге өңірлерін де суретке түсірдік. Аппаратымыздың объективі Араб түбегін нысанаға алған кезде, біз тамаша көріністің куәсі болдық. Суреттерден жарқырап тұрған екі нүктені байқадық. Дегенмен, оның не екенін білген жоқпыз. Кейін анықтағанымызда, олардың мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Мекке мен Мәдина қалалары екенін білдік», - дейді ресейлік ғарышкер.
 А.Иванишин ғарышта куә болған ғажайыпты «Құдайдың құдіреті» деп атады. Тіпті ол жақын арада аталған суреттерді жариялауға да уәде беріп отыр.

 

Еламан Қоңыров
іslam-orkeniet.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: