Словенияда жаңа мешіт салына бастады

Словенияда жаңа мешіт салына бастады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Словенияның Астанасы Люблян қаласында жаңа мешіттің бой көтеруімен бірге, діни басқарма орталығының құрылысы басталды. Бұл нысанды Словенияның бас уәзірі Аленка Братосик басқа мемлекеттердің дін өкілдері мен мыңдаған мұсылмандардың қолдап-қуаттауында бастады.
Мешіт 40 метрлік мұнара, оқу және спорт залдары, кітапхана, мейрамханалардан құралған. Жалпы нысан 11 000 кв. м. кеңдіктегі аумақты алады.


Словенияның ислам комплексінің құрылысына 12 миллион евро бөлінген, аталмыш нысанды тұрғызу жұмысы 3 жылда аяқталып, қолданысқа беріледі деп жоспарлануда.
Естеріңізге салар болсақ, Словенияның 2 миллионға жуық халқы бар, оның 6% - ын мұсылмандар құрайды.


                                                                                  Көгедай Шәмерхан

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/26/dUjhL.jpg

 

http://fotohost.kz/images/2013/09/26/X30PW.jpg

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: