Көшеде намаз оқыған Америкалық мұсылмандар

Көшеде намаз оқыған Америкалық мұсылмандар

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚазАқпарат хабарлайды. - АҚШ мұсылмандары әлемнің түкпір-түкпіріндегі діндес бауырларына қолдау білдіру үшін атақты Мэдисон-авеню көшесінде бас қосты, деп хабарлайды muslim.kz сайтынан.

 

Мұсылман жамағатының белсенді тобының мұрындық болуымен мұхиттың ар жағындағы Нью-Йорк мегаполисінде діндес бауырларымыздың имамға ұйып, намаз оқығанын айта кету керек.

 

Жүргіншілердің назарын аударған намаз уақытында, полиция қызметкерлері тәртіпті қадағалаумен болды. Тіпті, кейбір мұсылман тәртіп сақшылары да қатарға тұрып, жамағатпен бірге намаз оқыды. Бұл өз кезегінде әуестік жеңген бұқаралық ақпарат өкілдерінің назарынан тыс қалмады.

 

Намаз оқылып біткен соң, қолдарында өз елінің байрағын жалаулатқан олар марафонды бастап кеп жіберді. Марафонға қатысқандар жолай Аллаға мадақ айтып, кейбіреулері Құран сүрелерін дауыстап оқыған.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: