«Таян Аллага» діни-әдеби конкурсының қорытынды кеші өтеді.

«Таян Аллага» діни-әдеби конкурсының қорытынды кеші өтеді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

17 желтоқсан күні Татарстан мұсылмандар діни басқармасының ұйымдастыруымен «Таян Аллаға» атты  діни-әдеби конкурсқа қатысушы кәсіби ақындарды марапаттау қорытынды кеші өтеді.


Естеріңізге сала кетсек, бұл  конкурс осы жылы жаз айында өлтірілген Казандағы Апанаев мешітінің  имамы  қызметін атқарған  Валиулла хазірет Якуповтың бастамасымен алғаш рет осыдан үш жыл бұрын жүргізілген болатын. Бұл іс-шараның өз жалғасын тауып келе жатқаны көңіл қуантады.


Жарыстың шарты бойынша өлеңдер орыс және татар тілінде болуы керек. «Таян Аллага» сөзі  татар тілінен аударғанда «Аллаға сен» деген мағынаны білдіреді. Конкурстың осылай аталуы ХХ ғасырдың басында өмір сүрген  атақты татар ақыны Габдулла Тукайдың жазған өлеңімен байланысты  дейді  жарысты ұйымдастырушылар.


hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: