Мұсылмандар саны 4 есеге көбеюде.

Мұсылмандар саны 4 есеге көбеюде.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Кеше кешке «РБК» телеарнасы  «Independent»  басылымының  сілтемесіне  Ұлыбританиядағы  діни ахуал жайлы мәлімет берді. 


Ағылшын дереккөздеріне сүйенсек, өткен ғасырдың басында  тұманды Альбион елінің тұрғындарының  15%  атеист  болып  саналған, ал қазіргі таңда өздерін атеистпіз деп санайтындар  саны 25%-ға жеткен. Сонымен қатар, Солтүстік Ирландиядағы және Ұлыбританиядағы мемлекеттік шіркеуге барушы  христиандар саны 1 миллионға қысқарған. Ал, керісінше Ислам діні бұл елде кең  қанат жаюда. Соңғы он жылдың ішінде  мұсылмандар саны 4 есеге көбейіп, 3 миллион адамға жеткен.


Континеттік Европамен салыстырғанда, ағылшын еліндегі мұсылмандардың көпшілігі араб елдерінен келген босқындар емес, негізінен Британияның бұрынғы колонниясының құрамында болған Пәкістан, Үндістан, Бангладеш сияқты елдердің тұрғындары. Айта кетер тағы бір жай, Лондонда әйгілі «Хизбут Тахрир» ағымының және ислам атын жамылған «Ахмадия» қозғалысының  штаб-пәтері орналасқаны жасырын емес.


hibatulla.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: