Түркияда таң намазы уақытында хатым жасалатын болады.

Түркияда таң намазы уақытында хатым жасалатын болады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Түркияның Андана қаласындағы мешіттерде таң намазынан кейін Құран Кәрімді хатым етілетін болады.

 

Өткен жылы Сейхан провинциясының мүфтиі Халил Узунның бастамасымен 16 мешітте таң намазынан кейін Құран хатым етілген болатын. Осы жылы мешітке келуші көпшілік жамағаттың сұранысы бойынша өңірдегі 19 мешітте  аталмыш бастама қайта қолға алынбақ.

 

Мүфти Узун өткен жылы мешіттердегі хатымның жасалуына жауапты хафыздармен мәжіліс залында жиын өткізді. Халил Узун бұл бағдарламаның арқасында өткен жылы  хафыздар Құранды жатқа айтуда өздеріне біршама сенімді болғандарын де тілге тиек етіп, мешіт жамағатының бұл бағдарлама жыл сайын өз жалғасын тауып тұрса деген ұсыныстарын да атап өтті. 

 

Мүфти әр хафызды жеке-жеке тыңдап, «Баршаңызға шын жүрегімнен алғыс айтамын. Аллах баршаңыздан разы болсын және күш-қуат берсін!» деген алғысы мен жылы лебізін жеткізді.
 


hibatulla.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: