Алла қаласа, ертең Қадір түні...

Алла қаласа, ертең Қадір түні...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айының соңғы күндеріне Алла Тағала Қадір түнін жасырған. Бұл түн жайында Алла Тағала Құранда былай айтқан: «Қадір түні мың айдан қайырлы» (97:3). Қадір түнінде Алла тарапынан берілетін игіліктерден құр алақан қалғысы келмеген мүміндер Рамазан айының соңғы он күнін таң рауандап атқанша құлшылықпен өткізуге тырысады. Қадір түнінің нақты датасы бізге беймәлім, тек Аллаға ғана аян, алайда сенімді дереккөздерде аталмыш түннің айқын белгілері келтірілген. Төменде сіздердің назарларыңызға қасиетті Қадір түнін сипаттайтын нақты алты белгісін келтіріп өтеміз: 

1. Ерекше ахуал. Қасиетті Құранда Қадір түні жайында былай айтылған: «Ол бейбітшілік кеші, таң рауандағанға дейін жалғасады» (97:5). Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Қадыр түні тыныш та жағымды…» Бұл тыныштық ішкі әрі сыртқы дүниде де сезілетін болады. Құлаққа ұрған танадай тыныштық орнайтындығы сондай, иттің үргені, құстың шырылдағаны естілмейтін болады, тіпті үп еткен жел болмайды. Мүміндер басқа уақыттарда сезінбейтін жан тыныштығын сезінетін болады.                                                                                                                                           2. Жарық ай. Хадистердің бірінде былай келтірілген: «Ақиқатында, айдың өзі бейне бір нұрға толы болуы, жарық әрі тұнық болуы Қадір түнінің белгісі болып табылады».

                                                                                                               3. Қадір түні тақ сан күніне келеді. Қадір түні Рамазан айының соңғы он күнінің тақ сан күні келеді: 21, 23, 25, 27 немесе 29 күні. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Қадір түні соңғы он күндердің біріне келеді. Сол түнді Алланың сыйынан үміт етіп, құлшылықпен өткізген пендесінің Алла Тағала алдыңғы және соңғы күнәларын кешіреді. Және бұл тақ сан – тоғыз немесе жеті, бес немесе үш, не болмаса Рамазанның соңғы күніне сай келеді». Қадір түнінің дәл қай түні болатындығының жасырылуында да бір даналық бар – егер адамдар нақты түнді білсе, тек сол түнді ғана құлшылықпен өткізіп, ал басқа түндері құлшылықтарына немқұрайлы болар еді.
4. Қадір түні жаңбыр жаууы мүмкін. Хадистердің бірінде Пайғамбарымыз (ﷺ) түсінде Қадір түнін көргенін және сол түсінде сәждеден тұрған кезде оның бетінің жаңбырдан дымқыл болғаны келтірген (әл-Бұхари).

5. Ертеңінде күн сәуле шашпай атады. Пайғамбарымыз (ﷺ) былай айтқан: «Қадір түнінен кейінгі күннің әлсіз, толған айдай сәуле шашпай атуы да оның белгілерінің бірі. Әрі сол күні күнмен тайталасып шайтанға шығуға рұқсат етілмеген». Имам Науауидің пікірінше, күн сәулесінің аз және ақ түсті болуы - бұл Жер бетіне түсіп, қайта шыққан періштелерлің көптігінен. 

6. Қадір түні ыстық та, суық та болмайды. Имам Ибн Хузайма (р.а.) Алла Елшісінің (ﷺ) Қадір түн жайында айтқанын былай келтірген: «Асылында, Қадір түнінің суық та, ыстық та болмауы және бұл түні таң атқанша жұлдыздардың ақпауы сол түннің белгілерінен болып табылады» (Ибн Хиббан).

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: