Дұға қабыл болу үшін...

Дұға қабыл болу үшін...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Фәдала ибн Үбәйд (р.а.) әңгімелеуде:

«Алла Елшісі (ﷺ) мешітте отыр еді. Бір адам келді де намаз оқыды. Бітіргеннен кейін былай деп дұға етті:

–  Я, Алла, мені кешір, маған мейірімді бола гөр!

Мұны бақылап отырған Алла Елшісі (ﷺ):

–  Сен асықпа. Намазыңды бітіргеннен кейін алдымен жақсылап Аллаға мадақ айт, одан кейін маған салауат айт, содан кейін барып тілек тіле, – деді.

Біраздан кейін мешітке тағы бір адам кірді. Намазын бітіргеннен кейін Аллаға мадақ айтты, Елшісіне салауат айтты. Мұны да қарап тұрған Пайғамбарымыз (ﷺ):

–  Ей, жолаушы, қазір не қаласаң да сұра, дұғаңды Алла қабыл етеді, – деді».

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active