Әбу Бәкірдің мұсылман болуы

Әбу Бәкірдің мұсылман болуы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Айша (р.а.) былай дейді: «Бір күні әкем үйден шықты. Пайғамбарымызға (ﷺ) кеткендігі белгілі еді. Олар бұрыннан бір-бірімен сырлас достар болатын, бір-бірін жақын танитын. Әбу Бәкір жолдасына: «Әбулқасым, қауымыңның жиынына қатыспайтын болдың, сенің жоқтығың әрқашан байқалып жүр. Халық сені «өткенімізді айыптайды» деп кінәлауда» деді.

Алла Елшісі (ﷺ): «Мен Алланың Елшісімін. Сені Аллаға шақырамын» деді.

Алла Елшісінің (ﷺ) осы сөзінен кейін Әбу Бәкір (р.а.) дереу мұсылмандықты қабылдады. Әбу Бәкірдің (р.а.) Исламды қабылдағанына Пайғамбарымыздың (ﷺ) қуанышы қойнына сыймады.

Пайғамбарымыз (ﷺ) айтады: «Кімді Исламға шақырсам да, міндетті түрде алдымен ойға шомып, толғанатын. Алайда, Әбу Бәкір олай еткен жоқ».

Тіпті Алла Елшісі (ﷺ) Әбу Бәкірдің (р.а.) бір сәт кідірместен иман келтіргенін қадірлеп, бір күні «Алла мені сендерге пайғамбар етіп жіберді. Мен осыны айтқанымда барлығың маған «Өтірік айтасың» деген едіңдер. Ал Әбу Бәкір болса «Сенің айтқаның шындық» деп мені толық қолдады» дейді де екі мәрте «Бұдан былай сендер менің осы досымды ренжітпейсіңдер, солай емес пе?» деп алдымен қасындағыларға, сосын барша үмбетіне ескертті.

 Әбу Бәкір Османға, Талха бин Убәйдуллахқа, Зүбейр бин Аууам мен Саад бин Әбу Уаққасқа барып болған жайды айтты. Олар да дереу Ислам дінін қабылдады.  Ертеңіне Осман ибн Мазун, Әбу Убайда ибн Жаррах, Абдуррахман ибн Ауф, Әбу Сәләма ибн Абдуләсәд, Әрқам ибн Әбил Әрқам да мұсылмандыққа өтті.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active