Қолы жабысып қалған ұры

Қолы жабысып қалған ұры

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ертеде пайғамбарлардың біреуі қол жиып, соғысқа сайланады. Айналасындағы мүміндерді жинап:

–  Ертең жорыққа аттанамыз, егер араларыңда жаңа үйленген, құрылыс бастап аяқтамаған, қорасында буаз малы болғандар болса әскер құрамына алынбасын, – дейді. Пайғамбардың атағандарынан тыс қалғандары сақадай-сай боп сапқа тұрды. Ертеңінде бес қаруын сайлап қалың қол жорыққа аттанды.

Қан майданда шайқас болып, мүміндер дұшпандарын ойсырата жеңеді. Жау қолындағы қала алынғаннан кейін пайғамбар мен достары намазын оқыды. Аллаға жеңіс нәсіп еткені үшін шүкір етті. Одан кейін соғыстан түскен олжаны бір жерге жинап, өртеу үшін от қойды. Бірақ неше жерден от қойса да, тұтанбай жанбай тұрып алды. Осы кезде пайғамбар:

– Ішімізде олжадан білдірмей зат ұрлаған біреу бар. Ол ұрыны табу үшін әр рудан бір адам шығып, менің қолымды ұстап тұрып ұрының өз руынан емес екенін айтсын, – дейді.

Әр рудан бір-бір адамнан келіп ұрының өздерінен емес екенін айтып жатты. Кезекті бір адам пайғамбар қолын ұстай бергені сол еді, қолы желімдеп тастағандай жабысты да қалды. Ұрылы ру табылды. Енді осы рудан әр адам өзінің ұры емес екенін айтып ақталу үшін кезекке тұрды. Бұл жолы екі-үш адамның қолы жаңағыдай жабысып қалды. Ұрланған алтынды шығарып қазынаға тастағаны сол еді, үйінді лапылдап жана бастады. Ол кезде олжадан алынған мал харам болатын.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (ﷺ) әңгімесін жалғастырып:

–  Бізден бұрын ешқандай қауымға соғыстан түскен олжа адал болмаған еді. Алла Тағала олжаны мұсылман үмбетіне ғана адал етті. Бұл да Раббымыздың бізге деген қайырымдылығы, – деді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз:

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active