ҰСТАЗ ҚАБЫЛБЕК ӘЛІПБАЙҰЛЫ КЕШКІ НАМАЗДА

ҰСТАЗ ҚАБЫЛБЕК ӘЛІПБАЙҰЛЫ КЕШКІ НАМАЗДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның жанындағы РАНТ мүшесі Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің бас имамы елімізге діни салада көп еңбек етіп жүрген танымал уағызшы, ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы Шу қаласындағы «Жәми» және «Әбу Бәкір Сыддық» мешіттерінде ақшам, құптан намаздарында уағыз жүргізді.

Жиналған жамағатқа «Мұсылман-мұсылманның бауыры» тақырыбында уағыз жүргізді. Мұсылман - мұсылманның бауыры. Нағыз мұсылман, бауырына озбырлық жасамайды және оны сатпайды. Кімде-кім мұсылман бауырының қажетіне жараса, Алла Тағала да оның қажетін өтейді. Кімде-кім мұсылман бауырының қайғы-мұңын сейілтсе, Алла Тағала оны қиямет-қайымның бір қайғысынан құтқарады. Сондай-ақ, кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, Алла Тағала да қиямет күні оның айыбын жасырады.

Мұсылман - мұсылманның бауыры. Шынайы мұсылман бауырына опасыздық жасамайды, өтірік айтып алдамайды және тарыққанда қолдаусыз қалдырмайды. Мұсылманның ар-намысы, дүние-мүлкі және қаны өзге мұсылмандарға харам.

Кімде-кім мүмін бауырының осы дүниедегі бір уайым-қайғыдан құтылуына себепкер болса, Алла Тағала оны қиямет қайымның қайғы-мұңдарының бірінен құтқарады. Кімде-кім қарызданып қысылған адамға түсіністікпен қарап, ісін жеңілдетсе, Алла Тағала оның ісін екі дүниеде де жеңілдетеді. Сондай-ақ, Алланың құлы мұсылман бауырына жәрдем етуін тоқтатпайынша, Алла Тағала да оған жәрдем етуін жалғастыра береді.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: