РАНТ мүшесі Шу қаласында

РАНТ мүшесі Шу қаласында

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның жанындағы РАНТ мүшесі Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің бас имамы елімізге діни салада көп еңбек етіп жүрген танымал уағызшы, ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы Шу қалалық «Жәми» мешітінде «Харамнан қашық, халалға асық болу – мұсылман міндеті» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

Ислам – мұсылмандарға өмірдің барлық саласын түгел қамтып, басшылыққа алатын шариғат шеңберін айқын көрсетіп берген дін. Шариғат заңнамасының негізгі қайнар көзі – Құран Кәрім мен пайғамбардың сүннетінде нақты не жанама түрде ескерілмей, қалыс қалған мәселе жоқ. Солардың бірі мұсылман жұртшылығының ас-ауқат, тағамына қатысты.

Алла Тағала жер бетіндегі барлық нәрсені адам игілігі үшін жаратқан. Аспан мен жердің арасындағы ұшқан құс, жүгірген аң, сан түрлі жеміс-жидек, көкөніс – барлығы да қазынасы кең Ұлы Жаратушы тарапынан пенделеріне берілген. Ағыл-тегіл, көл-көсір нығметтерді құлдарына берген Раббымыз солардың адалын пайдаланып, ал арамынан аулақ болуды Құранда қатаң ескерткен:«Әй, адамдар! Жер бетіндегі нәрселердің халал әрі тазасынан жеңдер!» («Бақара» сүресі, 2/168);

Мұсылман баласы қамшының сабындай ғана қысқа өмірде арам нәрселерден аулақ болып, тек қана адал заттарды пайдаланғаны жөн. Күнделікті тұрмыста харамнан қашып, өмірін халал аясында өткізу – әр мұсылман үшін өте маңызды. Шынайы мүмін халал тұрғанда харамды тіпті ойға да алмауы керек. Санасын тұрмыс билеп, адал-арамына қарамай әркім әртүрлі жолмен күн көрісін қамдаған бүгінгі заманда мұсылман адамның өз дініне беріктік танытып, шариғатымыз рұқсат етпеген істерден бойын аулақ салуы, ішкен-жегені мен табысын адалдап, харам түйеден гөрі халал түймені артық санауы, кіршіксіз таза өмір сүріп, адал құл болуға тырысуы – бұл дүниеде де, ақиретте де Алланың разылығына бөлейтін зор сауапты іс болмақ екендігін айтып өтті.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: