«Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамына көпшілік алғыс білдірді

«Кеңесхан қажы» мешітінің наиб имамына көпшілік алғыс білдірді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қалалық «Кеңесхан қажы» мешіті ашылғалы наиб имамдық қызметін атқарып келген Қасымжан Бекжігітұлы қасиетті жұма күні облыстық «Һибатулла Тарази» мешітіне наиб имам қызметіне тағайындалған болатын. Қасымжан Бекжігітұлы төрт жылдан аса уақыт Алла үйінде қызмет еткені үшін жұма намазынан кейін жамағат алдында Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Нұртайұлының қолы қойылған алғыс хатпен марапатталды. Алғыс хатты қалалық орталық мешітінің наиб имамы Расылхан Сыбанбайұлы табыстап, шапан жапты.

Сыбанбай Расылхан туып-өскен жерге қызмет ету әр азаматтың борышы екенін, ал дін жолында білімімен бөлісіп, елдің бірлігін арттыру мақсатында қызмет ету Алла жақсы көретін амалдардан екенін айтып өтті.

Сондай-ақ, Қасымжан  Бекжігітұлы мешітте ұстаздық қызмет атқарды. Өзінің біліктілігімен шәкірттерге арабша әріп танытып, Құран дәрістерін жүргізіп келді. Мешіт ақсақалы Медетхан ата жаңа қызметіне береке тілеп, бата жасады.

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: