СУИДЦИД - ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ ДЕРТІ

СУИДЦИД - ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ ДЕРТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін Сухамбай ауылдық округіне қарасты Қарасу ауылы «Қосы Батыр» мешітінің молдасы Сағымбаев Бақытбектің ұйымдастыруымен Сухамбай ауылдық округінің әкімшілік ұжымының ұйытқы болуымен Жақаш ауылдық мәдениет үйінде «Суидцид - қазіргі қоғам дерті» атты халықтың басын қосқан жиын болды.

Жиынға ҚМДБ–ның Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінің найб имамы Бахтияр Әміреев, Байзақ ауданы «Байзақ баба» мешітінің бас имамы Азизов Рамиз қажы және Байзақ ауданына қарасты ауыл имам молдалары қатысты. Жиында «Суидцид дегеніміз не?» деген тақырыбында видео ролик көрсетіліп, арнайы облыстан келген қонағымыз Бахтияр Әміреев  «Суидцидтің зардаптары» турасында баяндама жасады.

Жиын соныңда Сухамбай ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Әбдіманап Ардақ Сухамбай ауылдық округіне қарасты Көкөзек ауылы «Жантай ата», Қарасу ауылы «Қосы Батыр» және Жақаш ауылы «Сухамбай» мешіттерінің молдаларын алғыс хатпен марапаттады.

 Бесін намазы «Қосы Батыр» мешітінде жамағатпен оқылып, «Бірлігі жарасқан ауыл» атты айлық дастарханына ұласты. Дастархан барысында Бахтияр Әміреев «Ауыз біршілікті болудың пайдасы» турасында уағыз – насихат айтып, ақсақалдарымыз батасын берді.

Байзақ ауданы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: