"Һибатулла Тарази" медресесі абитуриенттерді қабылдады

"Һибатулла Тарази" медресесі абитуриенттерді қабылдады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгін "Һибатулла Тарази" медресесі жаңа оқу жылының басталуына орай шәкірттерді қабылдады. Тараз шаһарындағы білікті дін мамандарын даярлайтын оқу орны республикадағы үздік медреселердің бірі. 

Аталмыш оқу ордасы 1 курс имам-хатиб мамандығына өтініш білдірген 22 абитуриенттен емтихан алды. Комиссия құрамында ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы медресенің директоры Қанат Жұмағұл, ҚМДБ-ның Діни білім және кадр дайындау бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Серикбол Аршабаев, медресе директорының орынбасары Нұралы Бақытұлы, медресе ұстазы Амангелді Ембергенов болды. 

Студенттер ақида, фиқһ, құран әліппесі пәндері бойынша сынақ тапсырды. Қызылорда және Жамбыл облысынан келіп, оқуға тапсырған 22 шәкірттің 20-сы сыннан сүрінбей өтіп, 1 курсқа қабылданды. 

Емтиханның комиссия мүшелері медресе тәртібі, оқуға деген ықылас, мамандық таңдаудағы маңыздылық, Алла жолындағы ілім сынды басты тақырыптарды сөз етіп, барша шәкіртке сәттілік тіледі. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: