Жамбыл облысында 1054 бала мектеп сөмкесіне ие болды

Жамбыл облысында 1054 бала мектеп сөмкесіне ие болды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мектеп - әр баланың білімге деген алғашқы қадамы, үлкен ордасы, болашағының іргетасы. Міне, оқу жылы басталатын уақыт та таяп қалды. Барлық ата-аналар балаларын сабаққа дайындап, керек-жарғын түгендеуде. 

Осы жағдай көпбалалы, жалғызбасты, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қиын соғатыны белгілі. Өйткені, бір баланың құралының өзі қалтаңды қағып аларлық. Бұл жағдайды ескерусіз қалдырмаған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірнеше жылдан бері "Мектепке жол" науқанын ұйымдастырып келеді. 

Биыл Жамбыл облысы бойынша осындай 42 іс-шара ұйымдастырылып, 1054 мектеп жасындағы жасөспірім құрал-жабдықтары салынған мектеп сөмкесіне ие болды. Жалпы қайырымдылық үшін 10 377 500 теңге жұмсалды. Оның ішінде облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті 500 баланы мектепке дайындап, 3 900 000 теңге жұмсалды. 

Тараз қалалық мешіттері 57 балаға 215.000 теңгеге қайырымдылық жасаса, Қордай ауданы 69 балаға 779.000 теңге, Меркі ауданы 50 балаға 230.000 теңге, Т.Рысқұлов ауданы 50 балаға 420.000 теңге, Шу ауданы 90 балаға 1.027.000 теңге, Шу қаласы 25 балаға 300.000 теңге, Мойынқұм ауданы 20 балаға 150.000 теңге, Сарысу ауданы 8 балаға 90.000 теңге, Талас ауданы 36 балаға 230.000 теңге, Жамбыл ауданы 45 балаға 202.500 теңге, Байзақ ауданы 39 балаға 2.580.000 теңге, Жуалы ауданы 65 балаға 254.000 теңгеге мектепке қажетті жабдықтар алды. 

Қайырымдылық тек мектеп сөмкесімен шектеліп қана қоймай қала, аудан мешіттерінде мектеп формасы түрінде және қаржылай да берілді. 

Аталған науқан оқу жылы басталғанша әлі де өз жалғасын таппақ.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: