Тараз қаласының мешіттері «Жолың болсын,балақай» акциясына ат салысты

Тараз қаласының мешіттері «Жолың болсын,балақай» акциясына ат салысты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жылдағы үрдіс бойынша жаңа оқу жылына мектеп оқушыларын дайындауға мешіттер өз үлестерін қосып келеді. Биылға жылы Тараз қаласының мешіттері бірлесе отырып, орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде көп балалы отбасынан шыққан 57 оқушыға құрал-жабдықтар салынған сөмкелер берді.

         Тараз қаласының бас имамы Ғазиз Нұртайұлы ата-аналарға  балалардың білімді әрі тәрбиелі болуын және әр жанұяға береке тілеп, сөз сөйледі.

         Ілім алудың маңыздылығы жайында Әли ибн Әбу Талиб (р.а): «Ілімсіз ғибадатта, түсінбей оқыған ілім де және мән бермей оқуда еш жақсылық пен берекет жоқ», деп айтқан.

         Қайырымдылық іс-шарасына қол ұшын берген дін қызметкерлеріне сансыз сауаптардан жазсын!

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: