Дәрет алу – ағзаны тазарту мен денені шынықтырудың ең тиімді тәсілі

Дәрет алу – ағзаны тазарту мен денені шынықтырудың ең тиімді тәсілі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаз алдындағы дәрет алу арқылы мүміндер тек қана денесінің нақты бір бөліктерін тазалап қана қоймай, сондай-ақ, ағзасын шынықтырып, күні бұрын қартаюының алдын алады.

Ауыз қуысын үш рет шайқау – ауыз қуысындағы көптеген микробтардан құтылуға септігін тигізеді. Тамақты шайқау барысында сәйкесінше бездер тазарып, шынығады. Мұрын мен мұрын қуысына су жіберу арқылы сіз жоғары тыныс жолдарын тазартып, оларды көптеген микробтардан сақтайсыз. Сонымен қатар, сіз оң қолыңызбен мұрныңызға су жүгірту арқылы ағзаңызды биоэнергияға толтырасыз.

Сулы қолдарыңызбен басыңызды сипау барысында қан қысымы реттеліп, көңіл-күйіңіз жақсарып, бастың ауруы тыйылады. Өйткені бастың осы тұсында маңызды биологиялық белсенді нүктелер орналасқан, ал сіз сол нүктелерге тікелей әсер етесіз.

Сулы қолдарыңызбен құлақ жарғағы мен құлақ сырғалығын сүрту арқылы сіз өз ағзаңыздың жекелеген бөліктеріне белгі бересіз. Мұның құпиясы мынада – құлақ тұсыңызда сіздің денеңіздің нақты бір бөліктеріне жауап беретін көптеген биологиялық белсенді нүктелер орналасқан. Дәл осындай жағдай басыңыздың  самай бөлігінде де орналасқан. Ал алақанның сулы сыртқы  жағымен желке тұсты сипау арқылы сіз өз ағзаңызды көз тиер қаупінен және басқа да теріс нәрселерден сақтайсыз.

Үш рет білекті шынтақ буынына дейін жуу арқылы сіз осы тұста орналасқан маңызды биологиялық белсенді нүктелерді іске қосасыз. Дәл осындай нүктелер аяқта да бар. Дәрет алу барысында аяқтарыңыздың саусақтарын уқалап жуу арқылы сіз бас миына белгі беріп, оны белсенді қызмет жасауға шақырасыз.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: