Алланың 99 Есімін жаттап-білуден нендей пайда бар?

Алланың 99 Есімін жаттап-білуден нендей пайда бар?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алла Тағаланың 14 сипатынан бөлек көптеген көркем Есімдері бар екені белгілі. Жаратушымыздың Болмысын сипаттайтын сын есімдер мен зат есімдер Алланың Есімдері деп аталады. Алла Тағала иман келтіргендерге дұға жасауда Оның көркем Есімдерін айтуды бұйырған, өйткені Алланы мақтауды Алла Тағаланың Өзінен артық ешкім жасай алмайды. Бұл жөнінде Қасиетті Құранда былай айтылған:

«Ең жақсы атаулар Аллаға тән. Оған сол аттармен жалбарыныңдар» (7:180).

Имам әл-Бұхари (р.а.) кімде-кім Алланың 99 Есімін жаттап алса, Жұмақа кіреді деп айтылған бір хадисті келтірген.

Ақиқатында, бұл ұлы іс! Алланың Көркем Есімдерін жаттаңдар, өйткені Алла Елшісінің (ﷺ) былай айтқаны келтірілген:

«Асылында, Алланың жүзге біреу жетпейтін тоқсан тоғыз есімі бар, сол есімдерді атап беретіндер Жұмаққа кіреді» (әл-Бұхари 2736, Мүслим 2677).

 Алла жақсы біледі.

 asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: