Өкіл имам әскерилермен сұхбаттасты

Өкіл имам әскерилермен сұхбаттасты

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданында орналасқан Ұлттық қауіпсіздік шекара қызметі 20\93 бөлімінің штабында әскери қызметкерлермен имани жүздесу өтті. Аталған іс-шараны ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл жүргізіп, Отан қорғаушылардың сауалдарына жауап берді.

Таразыда теңселген ел тағдыры сөз болып, Арыс оқиғасы тілге тиек етілді. Отан алдындағы міндет, борыштың маңызы, ата дініміздегі орны жеткізіліп, жүрегі жұртым деп соққан әскерилердің рухы тағы асқақтай түсті. 

Жұмыс барысында кездесетін қиыншылықтарға сабыр ету, түрлі жағдайларда тұрғындарға дереу көмек көрсету жайы айтылып, дін турасындағы сұрақтар дәйекті жауаптармен көркемделді. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: