Өкіл имам Меркіліктермен жүздесті

Өкіл имам Меркіліктермен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, орталық "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Қанат Жұмағұл "Меркі ата" мешітінде жамағатпен кездесу өткізді.

Бесін намазынан соң орын алған іс-шарада "Мұсылман мен мұсылманның қарым-қатынасы" турасында әсерлі уағыз айтылып, көпшіліктің рухын асқақтатты. Мұсылман адам қандай болу керек, бауырға деген  қатынас, әдеп, көркем мінез, ауыздан шыққан сөздің парқы, іс-әрекеттің әсері сынды тұлғаны жан-жақты қамтитын кеңестер айтылып, аят-хадистерден мысал келтіріп, пайғамбар, сахабалардың үлгісі тілге тиек болды.

Білікті маманға тұрғындар түрлі көкейкесті сауалдарын қойып, мардымды мәліметтер ала алды.

Аталған жүздесуден соң өкіл имам Меркі ауданының имам-молдаларымен жиналыс жүргізді. Аудандағы діни ахуал, имамның тұлғалық келбеті, дін маманының өзгелерге көрсететін үлгісі, жұмыс барысындағы қиындықтар сөз болып, салихалы жиында сыйлы сұхбат жасалды. 

Өкілдіктегі жаңашыл бастамалар ортаға салынып, ұсыныстар тыңдалып, тапсырмалар тізгінделді. Күнтәртібіндегі кезекті мәселенің тиегі ағытылды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: