Жамағатқа отбасы туралы уағыз айтылды

Жамағатқа отбасы туралы уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Тараз қалалық орталық «Кеңесхан қажы» мешітінде дәстүрлі айлық уағыз дастарханы жайылды. Жиналған жамағатқа «Әбу Бәкір әс-Сыддық» мешітінің бас имамы Бағзат  Ақжолов «отбасы» тақырыбында уағыз айтты.

Исламда отбасын құру хикметі – бір-біріне пана болу. Құранда: «Сендер олар үшін киім, олар сендер үшін киімсіңдер», деп жазылған. Яғни, киім денеге сән береді, абыройды жабады және жарақаттардан қорғайды.

Неке – Алланың нығметі. Жанұялы болудың тағы бір хикметі - бір-біріне пана болғаннан кейін ғана ұрпақ сүю. Жылуы мол, берік жанұяда салихалы ұрпақтар дүниеге келеді.

Талақ – Жаратқан Жаппар Иенің адал еткен істің ішіндегі ең жағымсызы. Сол себепті Құранда Алла тағала мейлінше әйеліңмен тату болуға шақырып: «(Уа, иман келтіргендер!) Жарларыңмен жақсы қарым-қатынаста болыңдар. Егер оларды ұнатпай қалсаңдар (сабырлылық танытыңдар), Алла сендер ұнатпаған нәрсеге көп жақсылық жазған болуы да мүмкін», – дейді («Ниса» сүресі, 19-аят). Сонымен қатар: «Егер ол әйелдер сендерге мойынсұнып жатса, (ажырасуға) сылтау іздемеңдер. Күмәнсіз Алла Жоғары мәртебелі әрі Ұлы», – деп («Ниса» сүресі, 34-аят) адамдарға асығыс шешім қабылдамай, ажырасудың алдын алу керектігін ескерткен. 

«Кеңесхан қажы» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: