Қайырымды болсаң, қайырын өзің көресің

Қайырымды болсаң, қайырын өзің көресің

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Рамазан айында Бас Мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының тапсырмасына сәйкес, қайырымдылық жұмыстарда Қордай ауданының дін қызметкерлері белсенділік танытуда.

Аудандық «Қордай» мешітінде 15 отбасыға 50 кг ұн, 5 кг қант, 5 кг макарон, 5 кг күріш, 5 кг гречка, 1 кг кәмпит, 1 кг құрма, 1 кг печенье және шәйден құралған азық-түлік себеттерімен қоса, қаржылай әр отбасыға 10 000 теңгеден жалпы 150 000 тг үлестірілді. 

Жәрдем аз қамтылған отбасылармен жалғызбасты аналарға үлестірілді. Көмек алушыларды мешіт қызметкерлерінің ұйымдастырыумен мешіт жамағаттары сыйлықтарын үй-үйге жеткізіп берді. Қордай ауданында қайырымдылық жұмыстар тек аудан орталығымен шектелмей ауыл аймақтарда жалғасын табуда.

Қақпатас ауылдық мешіті 10 отбасына, азық-түлік себеттерін, Сортобе ауылдық Халид ибн Валид мешіті 10 отбасыға, Кенен ауылдық мешіті 7 отбасына әр түрлі форматта қайырымдылық жұмыстарын ұйымдастырды.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: