Рамазаннан қайырымдылық жалғасын табуда (ФОТО)

Рамазаннан қайырымдылық жалғасын табуда (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті рамазан айы үздіксіз қайырымдылық іс-шараларымен тұрғындарды қуантуда.  Осындай кезекті жақсылық "Рамазаннан қайырымдылық" науқанының аясында жүзеге асты. Бүгін Жамбыл облысының рухани жүрегі орталық "Һибатулла Тарази" мешітінде бір күнде 3 қайырымдылық науқаны өтті.

Өңірдегі әлеуметтік жағдайы төмен, жалғызбасты, көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі, зағип 70 отбасыға азық-түлік таратылды. "Рамазаннан қайырымдылық" ұранын ұстанған сауапты іс-шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, осы мешіттің бас имамы Қанат Жұмағұл қатысып, рамазан айы жайлы сүбелі сөз сөйлеп, жанұяларды қасиетті мерекемен құттықтады. 

Отбасыларға көмекті мешіттің наиб имамы Ержан Аманбаев пен мешіт ұстазы Жалғас Жұбатхан үлестіріп, шаңырақтарына береке тіледі.

Сонымен қатар азық-түлік алған 33 отбасыға 40 000, 30 000, 20 000, 10 000 теңгеден ақшалай көмек берілді.  

Айта кету керек, бұл игі шара жомарт кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен және мешіт қаржысынан жасалды. Шараға барлығы 940 000 теңге қаражат жұмсалды. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: