АУЫЗАШАР - САУАБЫ МОЛ АМАЛ

АУЫЗАШАР - САУАБЫ МОЛ АМАЛ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Рамазан он екі айдың сұлтаны, адам баласы бұл айда өзін барлық пенделік істерден бойын аулақ ұстап, ішіп жеуден, өсек аяңнан тыйылып,  таң атқаннан кеш батқанға дейін ауыз бекітіп бес парыздың бірін орындауға тырысып бағады. Рамазан айында барлық сауаптар 10 нан 700 жүз есеге дейін көбейтілетін қасиетті ай.

Сондай-ақ, рамазан айында ораза ұстаған пендеге ауыз аштырғанныңда сауабы мол. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадисінде ораза ұстаушыға ауыз аштырған кісі, ораза ұстаған кісідей сауапқа ие болады деген.

Осы мақсатта Шу қалалық «Жәми» мешітінің асханасында 100-150 кісілік жамағатқа ауыз ашар берілуде. Ауыз ашарда Бас имам Қуат Дүйсенбайұлы және найб имамдар тұрақты түрде ауыз ашарға жиналған жамағатқа уағыз жүргізуде.

Рамазан айында ауыз бекітіп ораза ұстаған және ауыз ашар беріп жатқан исі мұсылманның ізгі амалдарын қабыл етіп, мол сауапқа ие болуды нәсіп етсін.

Шу қалалық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: