Имамдар мектептерге 195 түп тал отырғызды

Имамдар мектептерге 195 түп тал отырғызды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ халқы артыңда мал қалғанша, тал қалсын деп текке айтпаса керек. Адамдар үшін ағаш отырғызудың пайдасы қаншалықты екенін екі дүние сардары Пайғамбарымыздың (ﷺ) мына хадисінен аңғаруға болады: "Кімде-кім бір тал ексе Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады".

Осындай бір игілікті қолға алған Тараз шаһарының имамдары шәкірттерімен бірге ертеңіміз болған жасөспірімдер оқитын мектеп аулаларына ағаштар отырғызды.

Ұжым болып атсалысқан игі бастама негізінде қаланың әр бұрышында орналасқан білім ордаларына жалпы 195 тал көшет егілді.

Мәселен, ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі Қанат Жұмағұл бастаған облыстық "Һибатулла Тарази" мешіті №23 орта мектептің ауласына 50 тал, №21 орта мектебіне "Асым ата", "Әбдіқадыр", "Намаз ата", "Тектұрмас", "Давруш ата", "Рахман-Рахим", "Салы молда", "Құрлал қажы" мешіттерінің қызметкерлері 40 тал терек отырғызса, №9 орта мектебіне барған "Әулие-ата", "Кеңесхан қажы" мешіттерінің имамдары 35 тал көшет екті. Олардың ішінде қара ағаш, жеміс ағаштары, мекемелер алдына арналған сәнді ағаштар бар.

Ал №55 орта мектебіне "Құлбай баба", "Айсұлу ана", "Хамрақұл", "Нәметбай ата", "Тұрсынбай ата", "Бегалы ата", "Иса Ахмет", "Әзіреті Әли" мешіттері 45 түп отырғызса,  №9 мектепке "Кеңесхан қажы", "Әулие ата", "Шейх Зуннүн", "Мырқалық", "Акрам төре", "Молда Мұхамеджан", "Миразиз", "Шәкіржан ата" мешіттері 25 тал отырғызған болатын. Сонымен қатар Шөлдалада жаңадан ашылған мектепке де көшеттер жеткізілді.

«Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу — маңызды істердің бірі. Дін мамандарының бірлесіп атқарған бұл шарасы көпке үлгі болары анық. Көктем келіп дала әсемдене түскенде оған өз үлесіңізді сіз де қосыңыз. 

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: