Мойынқұмда жаназадағы ысырапшылдықпен күрес жүргізілуде

Мойынқұмда жаназадағы ысырапшылдықпен күрес жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында  «Қаралы үйдегі ас мәзірі және жаназа рәсімдері» атты дөңгелек үстел өтті. Айтулы іс-шараға аудандық, қалалық және ауылдық ардагерлер кеңесінің өкілдері, мешіттерден қоғамдық бірлестіктер өкілдеріі БАҚ өкілдері мен алқа би қала, ауыл әкімдері де қатысты.

 Дөңгелек үстел басында жаназа рәсімдерінде және өзге де құдайы астарда қойылатын ас мәзірін бекіту, жаназа төңірегіндегі өзге де рәсімдерді реттеу, бір ізге түсіру, ысырапшылдықты жою сынды мәселелер көтерілді.

Жиында мардымды ойлар айтып, түрлі ұсыныстар ортаға салынды. Мойынқұм ауданының бас имамы Ерлан Бөлегенов көтеріліп отырған мәселелерге жеке-жеке тоқтап, қатысушыларға ақпарат беріп өтті. Соңынан жиынға қатысушылар көтерілген мәселенің өте орынды екенін жеткізіп, ардагерлер кеңесі төрағасының және дөңгелек үстелге қатысушылардың мақұлдауымен бір ауыздан қаулы қабылданды.

Ақерке БЕКҚҰЛОВА,

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: